Әр түрлі

Облыс кәсіпорындары Астанада өтетін көрмеге әзірленуде

2010 жылы «Киров атындағы зауыт» инновациялық жобаны қолға алды. Бүгінде  бұл зауыт – сандық хабар таратуға қажет техникалық жабдықтар шығаратын Қазақстандағы бірден-бір кәсіпорын. Сондықтан да Елордада өтетін көрмеде осы жаңашылдықты көрсету қажеттігі еш күмән тудырмаған.

Евгений Белоусов, «С.М Киров атындағы зауыт» АҚ бас инженерінің міндетін атқарушы:
-Көрмеге DBT- 2 форматындағы сандық телевизияның қабылдағыштары, спутниктік жабдықтарды қоямыз. Сонымен қатар DBT- 2  форматында хабар таратылады. Яғни, тікелей эфир қосылады. Барлығын жұмыс жағдайында көрсетеміз.

Сандық телевизияға арналған жабдық бөлек цехта құрастырылады. Үстіміздегі жылы орнатылған желі бұл жұмысты барынша оңтайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Осы жерде жабдық жиналып, мұқият тексеруден өтеді. Ең соңында дайын бұйым қапталады. Құрастыру цехында 26 адам үш ауысымда жұмыс істейді. Тәулігіне бұл жерде сандық телевизия үшін  үш мың приставка құрастырылады.Үстіміздегі жылы зауытқа түскен тапсырыс – 110 мың. Келесі жылы кәсіпорындағылар өндіріс көлемін арттыруды көздеп отыр. Көрмеге  ретранслятордың үлгісі де қойылмақ. Ол шағын елді мекендерде жер серігі арқылы қабылданатын хабарды таратуға мүмкіндік береді. Радиус ы 40 шақырымға дейін жетеді.
Киров атындағы зауыттан өзге көрмеде өз өнімдерін облысымыздың тағы 13 кәсіпорны ұсынады.

Бибігүл Өтепқалиева, облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің меңгерушісі:
– Сондай-ақ Елордада өтетін облыс мәдениеті күндерінде жеті сала бойынша тәуелсіздіктің жиырма жылында жеткен жетістігіміз паш етілмек. Әр бағыт бойынша ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілген.

Айымгүл Әбілева