Қоғам

Гендерлік теңдікке тәрбиелеу

 

 

 

 

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында өткен шараға аға буын өкілдерімен бірге өскелең ұрпақ та белсенді қатысты. Жиында «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы» қызу талқыланды. Әрбірі «гендер» терминін қалай түсінетіндігін айтып, осы төңіректе пікірлерін білдірді.

Тимур Исманов, облыстық жастар мәслихатының депутаты:
-Еліміздің жастарында ерте кезден-ақ гендерлік теңдік, жанұя, қоғам жөніндегі түсініктерінің дұрыс қалыптасуына ықпал етпекпіз. Осындай дөңгелек үстелдер арқылы оларды дұрыс жолға бағыт-бағдар беру маңызды. Барлығымыз жұмылып, тез арада бағдарламада жүктелген міндеттерді жүзеге асыратынымызға үміттенемін.

Бас қосқандардың көпшілігі мектеп қабырғасынан гендерлік тәрбие беріп, осы ұғымның мағынасын оқушыларға дұрыс түсіндіру керектігін алға тартты.

Рахат Әзімбаева, «Томирис» гендерлік білім беру орталығының төрайымы:
– Қалыптасқан ересек адамдарды бір нәрсеге көндіріп, бір нәрсеге иландыру қиын. Өзінің мәдениеті, өзінің ұлтына, дініне, салтына байланысты өз көзқарасы болады. Ал мектеп оқушыларының ерекшеліктерін ескерсек, олар психологиялық жаңалыққа бейімдірек болады.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші кез-келген тәрбиені жанұядан бастау маңызды деген пікір білдіргендер де аз болмады. Солардың бірі №8 мектептің психологы Павел Моисеев.

Павел Моисеев, №8 орта мектебінің психологы:
-Ата-аналарға жаңашылдықтардан сескенбей, балдырғандарды бесіктен тәрбиелеуді қолға алу керектігін айтқым келеді. Қыз, ұл деп бөлмей, екеуін тең ұстап, тәлім берген жөн деп санаймын.

Жиылғандардың барлығы бір ауыздан баланы буыны қатпаған кезден тәрбиелеу керек екендігін айтты

Айдана Демесінова