Қоғам

9 қазан – Бүкіләлемдік пошта күні

Ашық есік күніне келген алғашқы мерзімдік басылымдарға жазылушылардың бірі Лидия Буркова. Ол «Қазпочта» акционерлік қоғамының тұрақты клиенті. 70 жылдары тұңғыш жазылған басылымы – «Ленинское знамя» екен. Бүгінде, «Северный Казахстан» және «Добрый вечер» газеттерін алып отырады.

Лидия Буркова, қала тұрғыны:

-Тұрақты оқырман ретінде жыл сайын облыстық басылымдарды жаздырып отырамын. Осы мүмкіндікті пайдаланып, «Қазпочта» қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тілеймін.

Ал  ардагер – ұстаз Владимир Лапшин «Квартал» газетіне жазылуға келіпті.

Владимир Лапшин, еңбек ардагері:

-Ең алдымен, жан азығына айналған басылымдармен тұрғындарды қамтасыз етіп отырған «Қазпочта» қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Қала өмірі жайлы жарық көретін жергілікті газеттерді жиі оқып отырамын.

Жыл өткен сайын елімізде пошта байланысы дамып келеді. Жердің түбінен хабар жеткізу де жылдамдады. Халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан ұйым   озық технологияны пайдаланады.

Тамара Манцурская, «Қазпочта» АҚ СҚОФ бөлім бастығы:

-Технологияның дамыған кезеңіне қарамастан, почта байланысы өз орнын жоғалтқан емес.Тұрғындарға қызмет көрсету арқылы біз әлемнің кез-келген жеріне хат-хабарларды, сәлемдемелерді жеткізіп отырамыз. Ал оны клиенттеріміз интернет арқылы бақылау мүмкіндіге ие.

Оқырмандар күнінде мерзімді басылымдар, конверттер, ашық хаттар почталық төлем белгілері және филателия өнімдеріне арналған бұрыш ашылды.

Тамара Манцурская, «Қазпочта» АҚ СҚОФ бөлім бастығы:

-Әлемде тұңғыш қара түсті марка Ұлыбританияда жарық көрген еді. Бүгінде ол өз құндылығын жоғалтпай, бірнеше млн евроға бағаланып отыр. Ал Қазақстандық алғашқы марка – “Алтын адам”

Жергілікті және республикалық басылымдарға жазылу жылына екі рет сәуір және қазан айларында өткізіледі.. Негізінен «Егемен Қазақстан», «Солтүстік Қазақстан» және «Казахстанкая правда» газеттері сұранысқа ие дейді, почта қызметкерлері. Жалпы, үстіміздегі жылы 200 мыңға тарта солтүстікқазақстандық мерзімді басылымдарға жазылған екен.

Ж.Наурызбаев