Мәдениет

Израиль делегациясы Достық үйінде болды

 

  

Израильден келген үлкен делегацияны солтүстікқазақстандықтар еврей халқының ұлттық ән-биімен қарсы алды.Достық үйінде делегация мүшелері облыстағы еврей ұлттық-мәдени орталығының тарихымен танысты. Ал дөңгелек үстел басындағы кездесуде еврей диаспорасының облыстың дамуына қосып жатқан үлесі сөз болды. Бүгінде Қызылжар өңірінде 800-ден астам еврей бар. Олардың жартысы қалада тұрады.

Серік Біләлов, СҚО әкімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы:
-Қазақстан  – 130-дан астам ұлт өкілдерін бауырына басқан мемлекет. Ал біздің облыста 100-ден артық ұлт тату-тәтті тұрып жатыр. Айту керек, еврей диаспорасы аз болғанымен, олар өте белсенді. Барлық салада табысты еңбек етуде.

Облыс әкімі еврей ұлттық-мәдени орталығының белсенділігін айырықша атап өтті. Орталық еврей халқының мәдениетін, салт-дәстүрі мен туған тілін сақтауға зор үлес қосуда. Сонымен қатар Петропавлда ұлттық өркендеу мектебі – ұлтаралық татулықты нығайтудағы тағы бір маңызды қадам.

Рашбиль Евдаев, еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы:
-Біз Қазақстанда барлық ұлт өкілдері достық пен ынтымақтастықта өмір сүріп жатырмыз. Қазақ жерінде барлық халықтарға туған тілдері мен салт-дәстүрлерін сақтауға жағдай жасалған. Табысты қызмет жасауға, балаларыңды тәрбиелеп, оқытып, олардың жарқын болашағын қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар.

Қазақстанда ұлтаралық қарым-қатынасқа үлкен мән беріледі. Бұл мемлекет басшысының сындарлы саясатының нәтижесі деп атап өтті кездесуде сөз алған израильдік делегация өкілдері.

Овадья Фатахов, O.J.M.T. Brener Investment президенті:
-Сіздерге бұл жерде үлкен мүмкіндіктер жасалған. Әрине, бұл Президенттің салиқалы саясаты. Біз өте қуаныштымыз.

Ал кейін қонақтар солтүстікқазақстандықтардың өнеріне тәнті болды. Сахна төрінде орындалған қазақ және еврей халқының ұлттық ән-билері тағы бір мәрте ұлттар достығы мен татулығын айғақтады.

Сонымен қатар бұл күні израильдік делегация Абылай хан резиденциясы мен облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болды.

Айымгүл Әбілева