Бизнес және экономика

Санитарлық дәрігерлер шетелдік әріптестерімен кездесті

Жаңа технологиялар дамыған сайын азық-түлік өндірісінің көлемі де жыл санап артуда. Демек, өнімнің сапасына қойылар талап қатал. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тұтынушыларды сапалы әрі қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету үшін кәсіби біліктілікті арттырып, зертханалық-техникалық базаның жаңаруына да мән беруі тиіс.

Саверио Маннино, халықаралық сарапшы, Италия:
– Бірқатар зертханалардың жұмысымен таныстым. Жоғары деңгейде деп айта аламын. Дегенмен өнімнің сапасын бақылау жүйесіне аса жауапты қараған дұрыс. Бұл 1-2 жылда шешіледі деген ойдамын.

Филипп Кореган, халықаралық сарапшы, АҚШ:
– Қазақстанда дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сай өнім шығару үшін біраз жұмыс атқарылуда. Сіздерде ауыл шаруашылығы саласы өте жақсы дамыған. Шығарылатын азық-түлік өнімдерінің сапасы да жоғары.

Анна Василенко, халықаралық сарапшы, Украина:
– Мамыр айында мемлекеттік эпидемиологиялық қадағалау комитетінің 50 жетекші маманы үшін семинар-тренинг өткізген болатынбыз. Олар алған тәжірибелерін жергілікті әріптестерімен бөлісті.

Сарапшылардың түрлі елдерден топтастырылуы да кездейсоқ  емес. Өйткені әр мемлекетте тұтынылатын тауарлардың қауіпсіздігін бақылау жүйесі түрлі деңгейде. Бұл жан-жақты тәжірибе алмасуға мүмкіндік туғызды. Семинар барысында еліміздегі зертханалық қызмет пен мамандардың мүмкіндіктері де барынша ескерілді.

Талғат Тұңғышбаев, жобаның үйлестірушісі:
– Бірінші мақсатымыз – осы бақылайтын органдарды үйрету, оларды халықаралық талаптармен таныстыру. Олар тауар өндірушілерге барып,  тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірге жұмыс істейді деп ойлаймыз.

Ауқымды бағдарлама аясында республика бойынша 1000-нан астам маманды оқыту жоспарда бар. Жыл соңына дейін бұл курстар еліміздің барлық аймағында өткізілмек.

Инеш Шоқақова