Мәдениет

Ардагерлер арасындағы байқау



 

Қариялардың біреуі алпысты алқымдаса, басқалары тіпті сексеннің сеңгіріне шыққан. Көнекөз қариялар мәселе жаста емес, көңілде дейді. Бұл қариялардың көбі соғыс жылдары халқы үшін талмай еңбек еткендер. Енді міне, көп бейнеттен соң, зейнетке шыққан шағында өмірдің бар қызығын көруге тырысуда. Атап өтетіні, аға буын өкілдері өздерін сергек ұстайды. Араларында өлең шығарып, ән айтатындары бар. Тіпті шапшаң би де билейді.
Қариялар фестивальдің бірінші кезеңі бойынша мақтау сөз айтты. Сайыскерлер үш дастарханға бөлініп, өз өнерлерін сынады. Ойынға қарық болған ағалар мен апалар думанды шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Ризақан Қасенов, еңбек ардагері:
-Мен жергілікті басшылыққа алғысымды білдіремін. Бізді ұмытпай, осындай байқау өткізіп жатыр. Концерт ұйымдастырды.
Батихан Қожахметова, еңбек ардагері:
-Бізді елеп жатқандарына рахмет. Біз мұнда достарымызбен кездесіп жатырмыз. Әңгімелесіп қалу мүмкіндігіне ие болдық.

Гүлден Төлеген