Құрылыс

«Қазтелекомның» жаңа тарифтері



 

 «Megaline Hit Optima» және «Megaline Light Optima» жаңа тарифтік жоспарларын жеке тұлғалармен қатар кәсіпкерлер де таңдай алады. Бұл жоспарларда ішкі ресурстар жылдамдығы кіру бағытында секундына 2 Мбит болса, шығу бағытында оның жылдамдығы секундына 1 Мбитті құрайды. Ал сыртқы ресурстарда бекітілген трафик 10 Гб-тан басталады.

Руслан Ахметов,  «Қазақтелеком» АҚ СҚ ОТД филиалы коммерциялық директорының міндетін атқарушы:
-Сыртқы ресурстарда белгіленген трафик ағымы артқаннан кейін жылдамдық секундына 256 Кбит-ке дейін төмендейді. Ай сайынғы төлемі қосымша құн салығын қоса есептегенде 3500 теңгені құрайды.

Ал “iD Net Drive” тарифтік жоспары тек жеке тұлғаларға ғана арналған. Оның ай сайынғы төлемі қосымша құн салығын қоса есептегенде 5 600 теңгені құрайды. Интернет желісінің сыртқы ресурстарына қолжетімділік жылдамдығы кіру және шығу бағыттарына 8 Мбит/с-қа дейін. Аталмыш тарифтік жоспардың сыртқы ресурстар ағыны 40 ГБ басталады.

Руслан Ахметов,  «Қазақтелеком» АҚ СҚ ОТД филиалы коммерциялық директорының міндетін атқарушы:
-Түнгі уақытта сағат 12-ден кейін сыртқы ресурстарға ағын көлемі шектеусіз. Күндізгі уақытта сыртқы ресурстар ағыны көрсеткіштен асып кетсе, оларға қолжетімділік тағы да 256 Кбит/-ға дейін төмендейді. Ішкі ресурстарға қолжетімділік кіру бағытында 30 Мбит/с және шығу бағытында 15 Мбит/с құрайды.

«iD Net Drive” тарифтік жоспарының негізгі тиімділігі – ішкі ресурстарға ағын трафигі есептелмейді және қолжетімді жылдамдығы да төмендеп кетпейді.

Айдана Демесінова