Мәдениет

Есләм Зікібаевты еске алу кеші

 

 

 

Есіл ауданындағы Өрнек ауылының тумасы Есләм Зікібаевтың артында қалдырған мұрасы мол. Әл-Фараби атындағы ұлттық университеті журналистика бөлімінің түлегі еңбек жолын жұршылыққа кеңінен танымал «Социалистік Қазақстан», «Жетісу» газеттерінде бастапты. Жерлес ақынның 20-дан астам жыр жинақтары жарық көрген.

Оразкей Шарапиденов, Есіл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы:
– Бұл кісінің 75-жылдығына арнап аудандық мұрағатта бұрыш бөлінді. Киімдері мен еңбектерін қойдық. Ауддандық кітапханада кітаптар көрмесі ашылды.

«Ақ қайындар», «Ақ қайнар», «Аққу арман» сияқты  Есләм Зікібаевтың жыр жинақтары кезек-кезек оқырман қолына тиіп тұрды. Ақынның тұғырлы тойына жиналған бауырлары, замандастары мен бірге қызмет еткен қаламдас әріптестері оның шығармашылыққа деген құмарлығы мен өмірлік ұстанымы берік еді дейді.

 

Сайлау Өтеев, Есләм Зікібаевтың замандасы:
– Біздің балалық шағымыз бірге өтті.Бірге оқыдық. Оның жолдастығы, оқуға деген ынтасы, жастайынан өлең жазуы балалардың алдында, елдің алдында шоқтығы биік болатын.


Сәния Нұрсейітова, Есләм Зікібаевтың қарындасы:
– Ағамыз әке орнында да, аға орында да болды. Өз тәрбиесін берді.  Өзі жоқ болса да, аты қалғанына қуаныштымын. Мектепке аты берілді. Еліне шапағаты тисін.

«Өзім кетсем, артымда сөзім қалсын, ерік бердім  жан сырым-жырға тағы» деп жырлаған  Есләм Зікібаевтың шығармашылығы жас ұрпақтың рухани дамуына үлес қосып келеді.  

 Инеш Шоқақова