Билік

Ардагерде қонақта

 

 

 

Қария бұл кездесуге ризашылығын жасыра алмады. Өйткені бір жыл бұрын ардагер өңір басшысына өз бұйымтайын айтқан болатын. Сол кезде Серік Біләлов Миннигуль апайдың өртке оранған саяжайын қалпына келтіруге қол ұшын беруге уәде еткен еді. Көмек көп күттірмеді. Ал нәтижесі ойдағыдан да асып түсті дейді зейнеткер.

Миннигуль Кряжевских, соғыс және еңбек ардагері:
– Менің саяжайымды жөндеп, картоп егуге арналған алаңды қазып берді, 6 қап картоп жиып үлгердім. Биыл өнім мол шықты.

Миннигуль Кряжевских ардагерлердің жағдайын назардан тыс қалдырмайтын облыс әкіміне алғыс білдірді. Серік Біләлов қарияның денсаулығын біліп, алда да қолдау көрсететінін жеткізді. Миннигуль Кряжевских өмір бойы талмай еңбек еткен. Сондықтан болар адамгершілігі мол, мейірімді адамдар әрдайым жанынан табылыпты. Ол қазіргі кездің өзінде уақытты босқа өткізе алмайтын көрінеді. Сексеннің сеңгіріне шыққан қария көктем және жаз мезгілінде бар уақытын саяжайда өткізеді. Ол ертеңгі күнге сеніммен қарап, жақсылыққа ұмтылу – ұзақ жасаудың кепілі екендігіне сенімді. Өңір басшысы бұл көмектің үзілмейтіндігін айтты. Жақын арада зейнеткердің саяжайына қарашірік жеткізілмек.

Инеш Шоқақова