Ведомствоаралық комиссия отырысы

Билік

8:51 29 Қыркүйек 2011

Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына қойылатын талап өте жоғары. Олар қол астындағылардың жемқорлыққа жол бермеуін қатаң қадағалауы тиіс. Сондай-ақ ертеде жемқорлық жасап, басы дауға қалғандарды мемлекеттік қызметке жібермеуді ұдайы бақылауда ұстауға міндетті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі СҚО басқармасының бастығы Тілеген Қаскин тәртіптік жазаға тартылып, заң бұзушылықтарға жол берген азаматтардың қызметтен өз еріктерімен кетулеріне жағдай жасаған басшылардың да заңмен қудаланатынын айтты. Айыртау ауданында осындай оқиға орын алған. Құқық қорғау органы өкілдерінің айтуларына қарағанда саяси қызметкер жұмыстан өз еркімен кеткен. Аудан әкімі бұл іс-әрекеттің заңға қайшы екені көрсетілген қағазды алғасын бұйрықты жойып, қызметкерді жағымсыз себептермен қызметінен босатқан. Комиссия төрағасы Серік Біләлов болашақта басқа аудан әкімдері де осындай жағдайда заң бұзушылықтарға жол бермеуі керек деді.Тайынша ауданында екі селолық округ әкімі жазаланған. Біреуі ескерту алып, екіншісі қызметінен босаған. Ал төтенше жағдайлар департаментінде жемқорлық қылмыстары жасалмапты. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі қоғамдық дерттің  алдын алуға және күресті тиімді жүргізуге барлық мемлекеттік органдар  басшылары атсаласуы керек деді.

Дана Ғизатова

Бұдан әрі оқыңыз