Қоғам

Бескөлдегі гауһар той

 

Қиын-қыстау кезеңде шаңырақ көтеріп, күні бүгінге дейін бақытты ғұмыр кешкен Дедовтар отбасының  қуанышына ортақтасқандар аз емес. Бұл күні барлық жылы лебіздер 60 жыл бойы өнегелі отбасы үлгісін көрсете білген мерейтой иелеріне арналды.

Виктор Редин, Қызылжар ауданының әкімі:
Сіздер бақытты отбасын құрумен қатар, өңіріміздің дамуына да өз үлестеріңізді қостыңыздар. Әлі күнге дейін белсенді азамат ретінде танимыз. Мерейтойларыңыз құтты болсын.

Неке жүзігімен алмасқан жұбайларға гауһар тойдың куәлігі мен медалі табыс етілді. Қазіргі таңда қариялар 3 бала өсіріп, 5 немеренің қызығын көріп отыр. Әлі де өмірлік ұстанымдары мықты. Қоғамдағы өзгеріске деген көзқарастары тың. Мұны балалары, немерелері мен өмірлік достары да аңғарған.

Борис Дедов:
Мен ата-анам үшін өте қуаныштымын. Олар бүгінгі құрметке лайық. Оларға бақытты ғұмыр тілеймін.
Сақып Құсайынова
:
Бұл кісілерді жақсы білемін, бірге жұмыс істедік. Өмірлері жастар үшін үлгі-өнеге. Махаббаттары әлі күнге дейін берік.
Мария Дедова
:
Ата мен әжем мен үшін ұлы тұлғалар. Олардың бір-біріне деген, балалары мен немерелеріне деген махаббаты шексіз деп ойлаймын.

Ұлы Отан соғысының ардагері, түрлі ордендер мен медальдардың иегері, Қызылжар ауданының құрметті азаматы Константин Дедов бақытты отбасы болудың құпиясы жоқ дейді. Тек жұбайлар бір-біріне мейірімділік танытса болғаны.

Константин Дедов, мерейтой иесі:
Бақытты отбасы болу үшін жұбайлар бір-біріне қамқор бола білулері тиіс. Шыдамдылық пен сабырлылық қажет деп ойлаймын. Біз әлі күнге дейін бір-бірімізді іздеп, алаңдап отырамыз.

Инеш Шоқақова