Салық басқармасы

Салық заңнамасындағы өзгерістер

 

 

 

 
2 жарым ай бұрын Салық кодексінің 570,572,575 және 647- баптарына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, күшіне енген болатын. Осыған орай 1 қаңтардан бастап барлық тіркеу нысандарында сәйкестендіру нөмірінің болуы шарт. Ол болмаған жағдайда жеке кәсіпкерлер үшін тіркеу нысандарын қайта ресімдеу мүмкіндігі қарастырылған.

Жібек Күлікова, СҚО бойынша салық департаментінің бас маманы:
– Бұл қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте, немесе, жеке кәсіпкердің куәлігінде, немесе, электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалану келісімінде болуы керек .

Сондай-ақ сәйкестендіру нөмірі жекелеген қызмет түрлері бойынша салық салу объектілері есебінің тіркеу карточкасында да болуы қажет. Бұл жаңашылдықтың  кассалық- бақылау машиналарының жұмысына да қатысы бар.

 Жібек Күлікова, СҚО бойынша салық департаментінің бас маманы:
– Тіркеу нысандарында сәйкестендіру нөмірлері болмаған жағдайда салық өтініші ұсынылуы тиіс. Өтінішпен бірге тіркеу  құжаттарының  біреуі тапсырылады.  

Салық департаментінің мамандары сәйкестендіру нөмірлері көрсетілмеген тіркеу нысандарын дер кезінде қайта ресімдеу керектігін ескертеді.

Инеш Шоқақова