Қоғам

Сенбілік қорытындысы

Қаламыздың орталық алаңына жиналған  азаматтар тазалық шарасында аса үлкен белсенділік танытқандар. Республикалық акцияға Петропавлдың бір өзінен 1320 ұжым қатысып, көлемі 1 млн 600 мың шаршы метр жерді жинаған. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл демекші», осындай ұйымшылдықтың арқасында қала сыртына 470 тонна қоқыс шығарылыпты. Сенбілікке үлес қосушылардың осындай ерен еңбегіне қала әкімі Нұржан Әшімбетов алғысын білдірді.

Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:
– Тазалық шарасына қатысқандарыңыз үшін көптен көп рахмет. Әсіресе, қалалық мәслихат депутаттарына алғысымыз шексіз. Олар сенбілікті жақсылап ұйымдастырыпты. Халықпен тығыз жұмыс жасаған. Себебі, сенбілікке келушілердің қатары қалың болды.

Сенбілікке жұмыла атсалысқан белсенді топтар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бірінші болып сахнаға «Көктем» балалар мен жасөспірімдер клубы шақырылды. Ұжым мүшелеріне акциядан естелік ретінде сандық фотоаппарат тарту етілді. Үздік бестік құрамына қазақ мектеп-гимназиясы да енді. Мектеп ұстаздары мен оқушыларына шаңсорғыш табысталды.

Майгүл Мұхамеджанова, қазақ мектеп-гимназиясының директоры:
-Біздің мектептің 300 адамы, яғни, оқушылары, ұстаздары тазалау акциясына қатысты. Сол акцияда белсенді жұмыс істедік деп ойлаймын. Болатбаев, Шухов, Жуков көшелерінің ортасын тазаладық. Балалар үлкен жауапкершілікпен қатысты.

Сенбілік нәтижелі болды. Жоспарда болған 30 нүкте қоқыстан түгел арылды.

Гүлден Сәрсенбаева