Билік

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылжар ауданында болды



 

Министр алдымен Қызылжар аудандық жұмыспен қамту орталығының қызметімен танысты. Мұнда бағдарламаның 1-ші бағытына сәйкес 31 адам еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге жолдама алған. Сондай-ақ 6 кәсіпорында 20 жұмыс орны құрылды. Ал орталыққа өтініш жазған 348 азамат қызметке тұрды. Бағдарламаның 2-бағыты бойынша орталық 1 млн теңге көлемінде 15 шағын несие беруді жоспарлап отыр. Әзірге 17 адам өтініш жазыпты. “Еңбекпен қамту-2020” бағдарламасының 3- бағыты бойынша да бірқатар іс тындырған көрінеді.

Арай Қажымұратова, Қызылжар аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы:
-“Жұмыспен қамту- 2020” бағдарламасының 3-ші бағыты бойынша ауданда 5 тұрғын үй салу жоспарлануда. Тұрғын үй салатын орын анықталды. Жалпы Қызылжар ауданында -“Жұмыспен қамту- 2020”   бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова “Ахмутдинов” жеке кәсіпкерлігіне ат басын бұрды. Аталмыш мекеме “Жұмыспен қамту- 2020” бағдарламасын іске асыруда өз үлесін қосып отыр.  Биыл осы бағдарлама бойынша 2 адам жұмысқа алыныпты. 6 айдай олардың жалақыларының 50 пайызын мемлекет, қаланын кәсіпкер төлейді.  Кейін олар  тұрақты жұмыс істейтін болады.  Мекеме 2003 жылы құрылған. Кәсіпорын тұрмысқа қажетті ағаштан жиһаздар жасайды.

Сермұхамет Ахмутдинов, жеке кәсіпкер:
-Сұраныс өте көп деп айтуға болады. Бізді жақсы біледі Алматы, Шымкент, Қарағанды, Астанамен істеп жатырмыз. Өнімімізді жақсы басқа қалаларда алып жатыр ғой. Осы өндірісімізді жақсы алатын болса, жұмысқа көбірек кісі алып, жұмыскерлерді өндірісімізді өсіре берер едік.

Нұрлан Жамалеев “Нұрлы көш” бағдарламасы бойынша өткен жылы Ресейден тарихи отанына оралған. Қызылжар ауданының жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгініп, осы кәсіпорынға темір ұстасы болып орналасты. Нұрлан Жамалеев мемлекет тарапынан осындай қолдауға ие болғанына разы.

Нұрлан Жамалеев:
-Маған жұмыс ұнайды. Ақшаны дұрыс береді, уақытында. Коллектив оңды. Істейтін менің жұмысым станокта. Сынған станоктарды қайтадан жөндейміз.

Айдана Демесінова