Мәдениет

Тәуелсіздік тарихы туралы фотокөрме

 

 

 

Бейнелеу өнері мұражайына келіп жеткен көрмеде 90-нан аса жұмыс орын алған. Олар “Елін сүйген Елбасы”, “Қазақстанның мәдениеті”, “Жаңарған, жаңғырған Қазақстан”, “Қазақстан әлем тұғырында” және “Қазақстанның таңғажайып табиғаты” деген бес түрлі тақырып бойынша жасақталған. Ел тәуелсізідігінің 20 жылдығына арналған көрмені ҚР Мәдениет министрілігінің қолдауымен “Қазақстан халқының рухани даму қоры” ұйымдастырып отыр.

Әбдімомын Асилов, “Қазақстан халқының рухани даму қоры” АҚ атқарушы директоры:

-Солтүстік өңірге 93 – 95 сурет жіберілді. Көлемдері әртүрлі. Негізінен, сурет өте көп болды. 190 – нан артық суретіміз Алматы мен Астанада. Ал, қалған облыстарға іріктелген маңызды суреттер жіберілді.

“Елін сүйген Елбасы” тақырыбындағы фотосуреттер тұңғыш Президенттің өмір жолын, еңбектегі қажырлылығы мен қызметтегі шынайы келбетін бейнелейді. Елдің ұлттық өнері мен мәдениетін, рухани үдерістерін айғақтайтын фотодеректер “Қазақстанның мәдениеті” тақырыбында берілсе, “Қазақстанның таңғажайып табиғаты”  айдарына біріктірілген туындылардан спорттағы үлкен жетістіктерді аңғаруға болады.

Таңат Сүгірбаев, «Асыл мұра» орталығының директоры:
-Бүгінгі фотокөрме маңызды. Бұл Елбасымыздың бар уақыты мен жұмысының ел гүлденуіне арнағандығының белгісі. Соны біз келер ұрпақ, жастарға көрсетуіміз керек.

Әріптестерінің өнерлеріне жергілікті фотосуретшілер де баға берді. Талай жыл осы салада еңбек еткен Марат Тәжиев әр сурет – ел дамуының бір бөлшегі іспеттес дейді.

Марат Тәжиев, фотосуретші:

-Алдымен фотокөрме жан -жақтылығымен бірден көрермен көзін жаулап алады. Елбасы фотосуретшілерінің суреттерінен табиғат байлықтарын да аңғаруға болады. Жерлестеріміз үшін фотокөрмені тамашалау зор мүмкіндік.

Осы фотокөрмеге қойылған туындылар облыстық бейнелеу өнері мұражайына тарту ретінде қалдырылды. Енді Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған фотокөрме желтоқсанның 16-на дейін облысымыздың негізгі 8 мұражайын араламақ.