Әр түрлі

Сергеев су қоймасында балық көбейеді

 

 

 

Жергілікті балық питомнигі 1964  жылы құрылған. Орталықта 60 аппарат балықтарға тоқтаусыз дем беріп тұр. Жыл сайын күз мезгілінде мұнда өсірілетін балықтар су қоймасына жіберіледі. Мәселен, қазір балық питомнигі 1 млн тұқы шабағын дайындап қойды.

Владимир Кульбакин, СҚО бойынша балық шаруашылығы инспекциясының мемлекеттік балық инспекторы:

-Қазір Сергеевка су қоймасына тұқы балықтарын жөнелтейін деп отырмыз. 1 көлікке 30 мыңнан астам балық сыяды.

 «Вэйс» қондырғысы арқылы балықтың уылдырықтарын шығарады. Кейін оларды арнайы тоғандарда 3 -5 айдай күтіп, өсіреді. Содан соң балықтарды цехта орналасқан бассейнге жібереді. Мұндай бір бассейнге 300 мың шабақ сыйып кетеді. Осы үрдістен кейін ғана бұл тіршілік иелерін су қоймаларына апарады. Алайда оған дейін су жәндіктері тағы бір тексерістен өтуі тиіс.Олар қыс мезгілінен аман өту үшін салмақтары 25 граммнан кем болмауы шарт. Сондықтан да өзенге жіберетін балықтар мамандардың жіті бақылауынан өтеді.

Ольга Фролова, “Петропавл балық питомнигі” РМКК инженер химигі:
-Балықтардың орташа салмағын анықтаймыз. Ол үшін 50 өскінді топтастырып, өлшейміз.

1 млн өскінді Сергеевка су қоймасына жеткізу үшін 20 күндей уақыт кетеді екен.

Айдана Демесінова