Бизнес және экономика

Бензин жеткілікті болады

 

 

 

 

Соңғы уақытта тұрғындардың діттеген жерлеріне жетуі қиындай түскен. Бұның бірнеше себебі бар. Қоғамдық көліктердің уақытылы қатынауына қазылып жатқан жолдар кедергі келтіріп тұрған. Жыылғанға – жұдырық деп, оған жанар май тапшылығы қосылды. Жанар-жағармай бекеттерінде тек 95- ші бензин сатыла бастады. Ал кейбір станцияларда талонмен ғана таратылды. Бұл жағдай темір тұлпар иелерін біраз қобалжытты. Қоғамдық көліктердің де үздіксіз қатынауына кедергі келтірді. Қазір операторлар жанар майды өлшеп бере бастады. Жеңіл көліктерге 92- ші бензин тек 10 литрден ғана босатылуда. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілдері мәселе жақын арада шешіледі дейді.

Бауыржан Қазанов, СҚО кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасының бас маманы:
– Қыркүйек айында облысымызға 2530 тонна 80 -ші, 3930 тонна 92-ші бензин және 5680 тонна дизель отыны бөлінді. Барлық келісімшарттар жасалған. 1-2 аптадан соң өңірімізге  жеткізілетін болады.

Сондай-ақ жолдағы жөндеу жұмыстары да қоғамдық көліктердің қозғалысына кедергі болып отыр. Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен тасымалдаушылар бірлесе, автобустардың қозғалыс бағытын өзгертіпті. 30,31,25 бағыттағы көліктер қазіргі уақытта М.Жұмабаев көшесі арқылы қатынайды. Айта кетерлігі , бұл жолға шағыл төселіп, көліктердің қиындықсыз жүруіне жағдай жасалған.

Галина Семенова, «СҚО Автокөлік одағы» қауымдастығының төрайымы:
-Қазіргі таңда коллекторды жөндеу жұмыстарынаа байланысты Набережная, Рига және Пушкин көшелерінде қозғалыс тоқтатылған. Сондықтан қоғамдық көліктердің бағыттары өзгертілді. Біз бұл жағдай реттелгенше, тұрғындардан шыдамдылық танытуды сұраймыз.

Инеш Шоқақова