Құқық қорғау органдары

«Қару» жедел алдын алу шарасы аяқталды

 
Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған қару саны 15 мыңнан асып жығылады. Өткізілген шара аясында тәртіп сақшылары суық қару ұстауға рұқсат алған азаматтар мен тапанша сатумен айналысатын дүкендерді тексерді. Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Ставрополка селосының 26 жастағы тұрғынынан учаскелік полиция инспекторы заңсыз сақталған шолақ мылтық тәркіледі. Қару иесі жауапқа тартылмақ. Қызылжар ауданындағы Налобино селосының 50 жастағы тұрғынынан да осындай қару табылды. “Қару” жедел алдын алу операциясы аяқталғанымен,осы іспеттес шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.Үш күнге жалғасқан шара барысында солтүстікқазақстандық полицейлер заңсыз сақтауда жатқан 34 қару мен 21 оқ-дәріні тәркілеп, қару сақтау, ұстау және тасымалдау ережесін бұзудың 193 фактісін анықтады. 28 суық қаруды облыс тұрғындары құқық қорғау органдарына өз ниеттерімен тапсырған.