Ауыл шаруашылығы

Қызылжар ауданында астықтың 70 пайызы жиналды

 

«СК Вагулинское» ЖШС негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Сондықтан агроқұрылым ең алдымен – төлді мәйекті мал азығымен қамтамасыз етуді басты жолға қояды. Алқапта жүгеріні жию жұмыстары аяқталуға жақын. Шаруашылықта бұл жемазықтық  дақыл 400 га жерге егілген. Серіктестіктің бас агрономы Надежда Карандейкина жүгерінің сапасы жақсы дейді.

Надежда Карандейкина, «СК Вагулинское» ЖШС бас агрономы:

-Жүгеріні толық жиып алуға таядық. 2 бригадада мал өсіреміз. Сондықтан да біреуіне қажетті жемшөпті даярладық. 60 гектардай жерден жинап алу қалды.

«Орловский и К» ЖШС егіс алқаптарына егілген дәнді дақылдар 2,5 мың га жерді алып отыр. Оның 50 пайызы орылған. Биылғы астықтың шығымы өткен жылғымен салыстырғанда 2 есеге артыпты. Гектар берекелігі де 36 центнерді құрайды дейді серіктестік директоры Владимир Орловский. Жаз мезгілінде жауған жаңбырдың есебінен алтын дәннің ылғалдылығы мөлшерден жоғары екен.

Владимир Орловский, «Орловский и К» ЖШС директоры:
Техника жеткілікті. Тез орып тастар едік. Дегенмен жоғары ылғалдылық болғандықтан күтуге тура келеді.

Бидаймен қоса мұнда жүгеріге де орақ тиген. Шаруашылық 1 га-дан 250 центнерден өнім алды. Қызылжар ауданында картоп пен көкөністерді жинау жұмыстары да қызу жүргізілуде. Түсімнің 93 пайызы қоймаға жеткізілді.

Ләйлә Женсағұрова, Налобино селолық округінің әкімі:
“Ливенцов” шаруа қожалығы өнім жинау жұмыстарын аяқтады. Бүгін ол “Алекри” ЖШС-не көмектесіп жатыр. Жаңбыр жаумай, ору жұмыстарын сәтті аяқтаймыз деген үміттемін.

Биыл Қызылжар ауданының шаруашылықтары  126,4 мың гектарға бидай сепкен. Агроқұрылымдардың техника паркі су жаңа, өнімділігі жоғары 50 кешенмен толықты. Бұл жұмыстың қарқынды жүруіне ықпал етті. Бүгінгі күні аудан диқандары өнімнің 70 пайызға жуығын жиып алған.

Өмірбай Омаров, Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы:

-Біздің аудан еңбеккерлерінің биылғы еңбегінің табысын көруге болады. Өйткені бүгінгі таңда жалпы га құнарлығы 20 центнердің үстінде болып отыр.

Айдана Демесінова