ТКШ

Сушылар энергия үнемдеуде



 

“Есіл су” РМК облыс аудандарын сапалы сумен қамтамасыз етіп келе жатқанына биыл тура 10 жыл. Уақыт өткен сайын таза ауыз суға қол жеткізген елді мекендердің қатары да артуда.

 Елена Гусева, “Қазводхоз” РМК «Есіл су» филиалы директорының орынбасары:
-Өткен жылы біз сертификат алдық. Биыл біздің кәсіпорын сыртқы аудит тексерісінен сәтті өтті. Біз сапа жүйесінің стандартына сәйкеспіз деп үлкен мақтанышпен айта аламыз.

Айту керек, кәсіпорын мамандардың біліктіліктерін арттыруға баса көңіл бөледі. Әсіресе, сапа менеджменті жүйесі енгізілгеннен бері қызметкерлердің тәжірибесі мен білімі қатты қаралатын болды.

Иван Кендюх,  “Казводхоз” РМК “Есіл су» филиалы МСЖ қызметінің бастығы:
-Қандай да болмасын кәсіпорын мен ұйымның жетекшілері білікті маман болуы тиіс. Осы мақсатта біз Тараз мемлекеттік университетінде кейбір қызметкерлерімізді оқыту үшін келісімге де отырдық.

Бүгінгі күні Тараз мемлекеттік университетіне оқуға түсуге «Есіл су» кәсіпорнының 13 қызметкері ниет танытқан.

Серік Серғазин, «Казводхоз» РМК «Есіл су» филиалының су құбырларын қайта қалпына келтіру бөлімінің инженері:
-Меніңше оқу керек. Маман өз жұмысы жайында неғұрлым терең білсе, соғұрлым сапалы еңбек етпек.

Кәсіпорын басшылығы су жолшы мамандарын дайындау ісін де мықтап қолға алған. Бұл саладағы жұмысшылар санын көбейту үшін Есіл аграрлық-техникалық институтымен де байланыс орнатқан.
Сапа менеджменті жүйесіне сәйкес «Есіл су» инновациялық технологияларды енгізуді де көздеп отыр. Ағымдағы жылдан бастап кәсіпорын «сорғыш агрегаты тобының жұмыс жиілігін реттеу» инвестициялық жобасымен жұмыс жасауда.

Елена Гусева, «Казводхоз» РМК «Есіл су» филиалы директорының орынбасары:
-Бұл жоба біздің кәсіпорындағы электр қуатын үнемдеуге септеспек. Ол да бізге қосымша табыс әкелмек. Өйткені бізде өте көп қуатты жейтін қозғалтқыштар бар. Ал жаңа жоба жылына 36 мың киловатты үнемдеуге көмектесетін көрінеді. Нәтижесінде 500 мың теңге қалтамызда қалады.

Кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігі осындай. Жалпы «Есіл су» 2010 жылды да ешбір шығынсыз аяқтаған екен.

Гүлден Сәрсенбаева