Мәдениет

Шығармашылық орталығы жаңа маусымды бастады

 

 

 

 

Жаңа оқу жылының басында балалар мен жасөспірімдер шығармашылыы орталығында ашық есік күнін ұйымдастыру дәстүрге айналған. Бүгінгі шараға жиылғандардың қатары қалың. Ата-аналар балаларын қай үйірмеге жазатынын шеше алмай әлек болып жүр.

Фарида Әбілғазина, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының бас режиссері:
-Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналады. Жыл сайын осы қыркүйек айында оқу басталғасын біздің мына шығармашылық ұжымдарымыз өздерінің өнерлерін сахнада көрсетеді. Ата-аналарға жұмыстарын көрсетеді.

Мұнда орталық қызметкерлері келгендердің  барлығын жылы жүзбен қарсы алып, мүмкіндіктеріне қарай қай үйірмеге жазылуға болатындығы жайлы кеңес берді. Қыздарды «Томирис» сән театры көбірек қызықтырды. Кейін олар сахнаға шығып, жиылғандарға өнерін паш етті.

 -Мен “Салтанат” ансамбліне қатысамын. Бүгін бізде ашық есік күні. Осы мереке болып жатқанына мен қуаныштымын. Біз осы мерекеге қатысамыз.»
-Біздің ансамбль жаңа ғана құралған. Біз “Ана тілі” деген өлеңді айтамыз. Ол маған ұнайды.

Шығармашылық ұжымдар кезекпен сахнаға шығып, орталықта үйренгендерін көрсетіп жатыр. «Қуанамын» би студиясының шәкірттері көрермен назарына «Қамажай» биін ұсынды. «Капельки» эстрадалық әндер ансамблі «Летят листочки» әнін орындады. Ал «Дружные ребята» тобы тыңдармандарын «Пшеница золотая» музыкалық нөмірімен тамсандырды.Балалар мен жасөспірімдер орталығында 1000-ға жуық жеткіншек тәлім алады. Олар түрлі сайыстар мен фестивальдерге қатысып, облыс орталығында ұйымдастырылатын сан алуан шараларда белсенділік танытып жүр.

Айдана Демесінова