Қайырымдылық

Қайырымдылық сенбілігі

 

 

 

Облыстық аурухананың қызметкерлері ақ халаттарын айыр-күрекке алмастырып, ауланы тазарту жұмыстарына білек сыбана кіріскен. Бұл жерде жұмыс таңғы сағат 9-да басталыпты. Аз уақыт ішінде мекеме қызметкері 2 машина қоқыс жиып үлгерген. Ауруханада 25 жылдан астам уақыт еңбек ететін Раушан Сақтағанова мұндай сенбіліктерге әрдайым белсене қатысамыз дейді

Раушан Сақтағанова, облыстық аурухананың мейірбикесі:
– Тазалық -денсаулық кепілі. Сондықтан мұндай сенбіліктерді өткізу өте маңызды.Әсіресе, қарттар күніне орай қаламыздың тазартылуы өте маңызды.

Бұл күні жұмыс қаланың орталығында ғана емес, шалғай аудандарда да қызу жүрді. 19- шағын аудандағы 4 мың шаршы метр аумақты тазартуға СҚО бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің қызметкерлері де жұмылдырылған.

Оразбек Айдарбеков, СҚО бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы:
– Біздің мекеме 25 адамдай шығып, өзімізге бекітілген аумақты қоқыстан тазртпақ. Бұл жерде екінші рет жұмыс істеп келеміз.

Ал халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымы мекеменің аумағы мен осы маңдағы шағын бақты қоқыстан арылтып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Ауламыздың көз қуантарлықтай таза болуы өзімізге де жақсы дейді олар.

Айдархан Мусин, «СҚО халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ маманы:
– Біз халыққа қызмет көрсету орталығы болғандықтан ауламыздың таза болуы өте маңызды. Өйткені бізге күн сайын жүздеген тұрғын келеді. Сондай-ақ сенбілік ұжымды жұмылдыра түседі.

Қарттар күніне орай ұйымдастырылған сенбілікке петропавлдықтар бір адамдай қатысып, туған қаланы көріктендіруге өз үлестерін қосты. Сенбіліктен түскен қаржы қарттарға көмек көрсетуге жұмсалмақ.

Инеш Шоқақова