Әр түрлі

Мұнай құбыры қалпына келтірілді

 

 

Еске сала кетсек, апат қыркүйектің 13-і Петропавлдан 3 шақырым жердегі «Казтрансойл» АҚ Шығыс филиалының мұнай құбыры басқармасында болған еді. Бұл жерде «МТУ Кварц» ЖШС кабель төсеу жұмыстарын жүргізген. Төтенше жағдай орын алған кезде мұнай құбырында автоматтандырылған жапқыштар іске қосылып, мұнайдың төгілуін тоқтатқан. Алайда, бұл уақытқа дейін “мұнай дағы” пайда болған екен. Мұнай 1000 шаршы метр аумаққа жайылған. Оқиға орнына «Казтрансойлдың» арнайы техникасы мен Петропавл қаласының №2 өрт сөндіру бөлімінің арнайы көлігі жетті. Апатты жою үшін 11 техника жұмылдырылды. Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ. Бүгінгі күні жөндеу жұмыстары аяқталды. Құтқарушылар көлемі 470 текше метр мұнайды жиып алды. Оның 340 текше метрі мұнай құбырына құйылды.

Айдана Демесінова