Қоғам

Қыркүйектің 17-сі – қайырымдылық сенбілігі

Облыста қазанда қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы жарияланып отыр. Қалалық әкімдікте айлық барысында атқарылатын жұмыс жоспары нақтыланып жатыр. Бұл отыз күнде бір дебір қария мен мүгелек назардан тыс қалмауы керек.

Григорий Кухарь, Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

 

 

– Ұйымдастыру комитеті құрылды. Оның құрамына белсенді ардагерлер, жергілікті атқарушы орган өкілдері кірді. Біраз мәдени шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ардагерлерді, мүгедектерді театрларға, кинотеатрларға, мұражайларға, экскурсияларға шақырамыз. Елордамыз Астанаға сапарлар ұйымдастырамыз.

Облыс орталығында 36 мың зейнеткер бар. Олардың 18 мыңнан астамының бұрынғы жұмыс орындарымен байланысы жоқ.Төрт мыңнан аса мүгедек тіркелген. Айлық барысында барлығын мерекелік шараларға шақыру мүмкін емес. Сондықтан ардагерлер кеңесі кәсіпорындар көмегіне жүгініп отыр. Алдымен жалғызілікті қарттарды, төсек тартып жатқан мүгедектерді қолдаумен қамту жоспарланған. Ол үшін сенбілік ұйымдастырғалы отыр.

Григорий Кухарь,Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

-Қыркүйектің 17-сы барлық еңбек ұжымдары, мектептер мен колледждер, жоғары оқу орындары қала көшелерін жинауға шығады. Сондай-ақ бюджеттік ұйымдар бір күндік жалақыларын ардагерлерді қолдауға аудармақ. Бұл қаржыға біз бір жыл бойы қарттар мен мүгедектерге көмек көрсетуге жұмсайтын боламыз.

Ал сенбіліктерден түскен қаржының 50 пайызы мекемелердің өздерінің ардагерлері үшін мерекелік шаралар ұйымдастыруға қалады. Сенбілікте облыс орталығын қар түсер алдында біршама жинап алу жоспарланған.

-Бұндай сенбіліктер өте керек. Ең алдымен қаламыз таза болады. Ал облыс орталығының көркейіп келе жатқанын күнде көреміз. Сондықтан әр сенбіліктен қалмаймыз.
-Өте маңызды шара. Қаланы таза ұстау керек. Сенбіліктер арқылы баланы жұмысқа баулимыз. Барлығымыз үй маңын жинауға шығамыз.

 Әсем Рахметова