Құрылыс

Жаңа портал таныстырылды

 

“baq.кz” ақпараттық порталы ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің бастамасымен өткен жылы құрылған болатын. Мұндай сайттың ашылу себебі тереңде. Бүгінгі күні ғаламторда қазақша мәлімет беретін дереккөздер аз. Ал жаңадан құрылған портал қазақ тілді ақпаратқа қол жеткізетін ұлттық сайт саналмақ. Қазіргі таңда жас желіге 37 газет, 10 телеарна мен 24 электрондық БАҚ топтастырылған. Енді кез- келген азамат қажет ақпаратты оnline арқылы тікелей түрде көріп, оқи алады.

Қамбар Ахметов, БАҚ порталының бас редакторы:
-Мақсатымыз қазақ тілді контенттің сапасын, санын арттыру. Өйткені интернеттен қазақша ақпарат табу қиын. Біздің мақсатымыз ақпаратты көбейту. Сегіз айдар ашып, ең соңғы жаңа ақпараттарды саламыз.

Жалпы порталдың қоғам үшін атқарар ең маңызды қызметі келесіде. Ол аймақтық БАҚ бөлімі арқылы сайты жоқ газеттерге бет ашып береді. Мұның барлығы тегін атқарылады. Портал редакциясының осындай хабарландыруы аудандық тілшілерді қатты қуантты.

Самат Сапаралы, «Солтүстік жұлдызы» Мамлют аудандық газетінің тілшісі:
-Әрине порталдың пайдалы тұстары көп-ақ. Кез- келген қазақстандық елдің түпкір-түпкіріндегі, тіпті шалғай аймақтардағы ақпаратты оқи алатын болады ғой.
Айнагүл Шоткина, «Парыз» Шалақын аудандық газетінің тілшісі:
-Меніңше мұның пайдасы өте мол. Алайда интернеттің тиімділігі газет алушылар қатарын азайтып тастамай ма деген күдік туғызады.

Гүлден Сәрсенбаева