Мәдениет

Отбасылар байқауы

 

 

 

Сайыстың шарты бойынша байқауға отбасы мүшелері толық қатысты. Атап өтетіні, үміткерлерге жүктелген тапсырманың жүгі жеңіл болған жоқ. Ең алдымен әр шаңырақ өзін-өзі таныстыруы керек еді. Осы жерде шығармашылық талант та сыналмай қоймады. Бірінші кезең бойынша Пархоменколар жанұясы көзге түсті. Отбасы өздерін шағын көрініс арқылы таныстырды.

Зарема Гумарова, байқауға қатысушы:
-Мемлекеттік тілді әр қазақстандық білуі керек. Сондықтан осы сайысқа қатысып тұрмыз.

Ал Сатиндер шаңырағы өздерін әнмен таныстырып,  аса өнерлі екендерін көрсетті. 

Нұржан Сатин, байқауға қатысушы:
-Өзім домбырадан Әл-Фараби мектеп-лицейінде сабақ беремін. Жолдасым қазақ тілі пәнінің оқытушысы. Әнді өзіміз құрастырдық.

Келесі кезеңде әр топтың ойын жеткізе білу шеберлігі байқалды. Үшінші сынақта отбасы мүшелері ән айту, би билеу өнерлерін ортаға салды. Қорытынды турда бейнеролик жұмыстары бағаланды.

 Айтжан Рақымова, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:
-Бұл сайыс алғаш рет өткізілуде. Біз оларды тапқырлығы, тіл байлығы мен мәдениеттілігіне қарай бағалаймыз.

Үміткерлердің қай-қайсысын алсақ та барлығы жоғары марапатқа сай өнер көрсетті. Сондықтан қазылар алқасына жеңімпазды анықтау оңай болған жоқ.

Гүлден Сәрсенбаева