Құқық қорғау органдары

Қала көшесіндегі қуғын

Қыркүйектің 13-не қараған түнгі жүргізушінің қылығы біраз полицейлердің жағасын ұстатты. Түнгі сағат 12 шамасында  Былғары зауыты  ауданында жүрген жол полицейлерінің көлігін алдымен «ВАЗ- 2110» кілт бұрылғанда соғып кете жаздаған. Құқық қорғаушылардың тоқтауды талап еткен белгісін  тыңдамаған «Ладаның» жүргізушісі керісінше жылдамдығын үдетіп, полицейлерді соңына салып қойған.

Александр Терехов, СҚО ІІД ЖПБ инспекторы:

 

 

– Біз оның соңына түсіп,көліктің барлық дабылқаққыштарын қостық. Қатты сөйлеу құралы арқылы тоқтауды талап еттік. Бірақ жүргізуші біздің талаптарға қарамастан, жылдамдықты қоса түсті.

Қуғын көпке созылған жоқ, бірнеше километрден кейін қатты жылдамдықпен келе жатқан жүргізуші Заречный кентіне баратын жолда күрт бұрылып бірнеше қоршауды соққан. Бұнымен де қоймай қашқын саяжай учаскесіне кіріп, ағашқа соғылып барып бірақ тоқтаған. Тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел медициналық көмек шақыртты. Темір тұлпардың ішінде ішімдік ішкен жүргізуші және әйел адам болған.

Александр Терехов,  СҚО ІІД ЖПБ инспекторы:

– Жүргізушіні сол жерде ұстадық. Оны автопатрульге отырғыздық, өте мас болды.

Ер адамда көліктің бір де бір құжаты болмай шықты. Әрбірдесін жүргізуші рөлде отырмағанын айта бастады. Полицейлерге қарсылық көрсетіп, патрульдік көліктің терезесін баспен соғып, сындырды. Бұл азамат қыркүйектің 4-інде ішімдік ішіп рөлге отырғаны үшін тәртіп сақшыларының қолына түскен екен. Наркологиялық тіркеуде тұрған маскүнемнің жүргізуші куәлігі ешуақытта болмағаны анықталды. Оқиға орнына көлік иесі, ұсталған жүргізушімен азаматтық некеде тұрып жатқан әйел шақыртылды. Материалдар сотқа жөнелтілді. Жылдамдық мен ішімдікті ұнататын жүргізуші қамауға алынды.

Әсем Рахметова