ТЖ

Ормандарды өрттен қорғау

 

Биылғы жаз орманшылар үшін тыныш өтті. Жиі жауған жаңбыр мен салқын күндер орман өрттерінің бас көтеруіне кедергі болды. Облыстық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының мәліметтеріне қарағанда ағымдағы жылы өңір ормандарында бір өрт оқиғасы тіркеліп, 49 рет от тұтанған. Құтқарушылар оттың үлкен аумаққа таралуына жол бермей, уақытында сөндіріпті. Өткен жылы орман мекемелері облыс бюджетінен бөлінген қаражатқа бір-екі   жаңа трактордан алған. Жиында өрт-химиялық станцияларының жұмысын жандандыру қажеттігі айтылды.

Қабиден Сәдуақасов, облыстық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы:
-Өрт-химиялық станцияларын жетілдіру керек. Бізге 2012 жылға 268 млн теңге қажет. Ол өрт сөндіру техникасын заман талабына сайландыруға, осы саладағы жұмысты жаңа сатыға көтеруге бағытталмақ.

Облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Сапаров орманды жалға алушылармен тиімді жұмыс жүргізу қажеттігін айтты. Өрттен сақтау үшін орманға жақын алқаптарды жыртып, ішін қоқыстан үнемі арылтып отыру жағына ерекше мән берілуі керек. Жиында өңірдегі барлық орман мекемесінің директорлары есеп берді. Биыл бірқатар мекемелерде жанармай тапшылығы айқын байқалған.

Жамбыл Базарбаев,  Преснов мемлекеттік орман мекемесінің директоры:
– Жанар май иелері уақытында шыға қоймайды,  бағасы да жоғарылап кетті.
4 мың литр дизель отыны, 4 мың литр бензин бар. Келешекте қажет.

Жамбыл Базарбаев басқаратын Преснов орман мекемесі 2 трактор, 1 өрт сөндіру машинасын, бір «УАЗ»  және «Нива» көліктерін алыпты. Техника паркінің жаңаруы орман өрттерінің алдын алуға жақсы септескен. Астық жинау кезінде әдеттегідей орман өрттері де болып қалуы мүмкін дейді Жамбыл Базарбаев. Қазір олар жауапты науқанға үлкен дайындық жасап жатыр.

Жамбыл Базарбаев, Преснов орман мекемесінің бастығы:

– Күзгі өрт оқиғаларына дайындалып жатырмыз. Шөп шауып, жер жыртып жатырмыз. Ауылда көп жер шабылмай жатыр.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров жауапты мекемелерге бірқатар тапсырмалар берді. Барлық талаптар орманды өрттен сақтауға бағытталған.

Дана Ғизатова