Билік

Президент этно-мәдени бірлестіктер жетекшілерімен кездесті

Облыс орталығында Президент Нұрсұлтан Назарбаев алдымен Қазақстан Конституциясы көшесінде тұрғызылған «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» стелласына келді. Ескерткіш көк аспан астында бір шаңырақты мекен еткен ұйымшыл елді бейнелейді.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы:

-Мен барлық елді мекендерде осындай Тәуелсіздік саябақтары болуы керектігін айтқан болатынмын. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын біз тату отбасындай қарсы аламыз. Мен Сіздерге бірге атқарып жатқан қызметтеріңіз  үшін алғыс білдіремін.

Ұлт көшбасшысын бұл жерде облыстағы ұлттық- мәдени орталықтар жетекшілері қарсы алды.

Тагир Гусейнов, СҚО әзербайжан ұлттық-мәдени орталығының төрағасы:

-Сіздің патриоттық туралы дана сөзіңіз бар «Өз отанының патриоты болу деген Қазақстанды жан жүрегімен сүю» деген. Менің көшіп келгеніме 22 жыл болды. 20 жылда біздің еліміз үлкен табыстарға жетті. Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы, осының барлығы сіздің парасатты, жаңа уақытпен тексерілген бейбіт және келісім саясатыңыздың арқасы. Бүкіл солтүстікқазақстандықтардың, Қазақстан халқы ассамблеясының атынан шын жүректен жетістіктерге жетуді тілеймін.

Кәрібай Мұсырман,  халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы СҚОФ төрағасы:

– Қыркүйектен «Қазақстан» арнасы қазақ тілінде хабар тарата бастаы. Біз үшін үлкен қуаныш.
 Раиса Солопова,  «Радзима» белорусь  мәдени орталығының төрайымы:

-Біз сізге жеріміздегі тыныштық пен бейбітшілік үшін алғыс айтамыз. Өзіңізге денсаулық тілейміз.

Облыстағы мәдени орталықтар тәуелсіздіктің жиырма жылында ел өмірі үшін маңызды келелі істерге етене араласты. Ұлт пен ұлыстың бейбітшілікте өмір сүруіне аянбай үлес қосты. Елбасы осы жетістіктерді атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы:

-Бүгін жақсы өскен астықты көрдік, халықтың көңіл күйі жақсы. Зейнетақыны өсірдік, шілденің бірінен бастап дәрігерлер, мұғалімдердің еңбекақыларын көбейттік. Тұрғындардың табысы өсуде. Жұмыс орындары ашылуда. Облыста ауруханалар салынып жатыр.

 

Еліміз бұл табыстарға келелі 20 жылдың ішінде жетті. Алдағы уақытта да басты табысымыз еліміздің тыныштығы болмақ. Ал бірлігі бар елдің тірлігі де мол.

Әсем Рахметова