Билік

Президент «Солтүстік жұлдызы» саябағын аралады

 

 

Пестрое көлінің жағасында орналасқан бұл саябақтың қазығы-«Солтүстік жұлдызы» атты стела. Ол «Астана жұлдызы» монументі негізінде жасалған.
Саябақта оған қоса баскетбол және волейбол алаңқайлары орын тепкен. Орталық аллеяда Күлтегін жазулары және Тамғалыдағы петроглифтер бейнеленген мүсіндік композициялар орын тепкен. Бұған қоса Пестрое көлінің маңында халықтың демалуына бар жағдай жасалмақ. Осылайша, саябақ демала отыра, тарихты ұмыттырмайтын бірегей кешенге айналуы тиіс. Жобаның құны 152 миллион теңгені құрайды. Саябақта Елбасы облыстағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу жағдайымен танысты. Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жобасының аясында Петропавл қаласында 395 млн теңге игерілді, алдағы жылыту маусымына дейін жоспарланған үйлерде жөндеу аяқталмақ.  Саябақтың қазығы ” Солтүстік жұлдызы” монументінің алдында мемлекет басшысын “Орталық- өңірлер” және “Дипломмен – ауылға” бағдарламалары бойынша облыстың түпкір-түпкірінде еңбек етіп жатқан жас мамандар күтіп тұрды. Бүгінде кадрларды алмастыру бағдарламасымен өңірде 9 адам еңбектенуде. Ал “Дипломмен – ауылға” жобасының тиімділігін өңірде 1 075 жас маман бағалап үлгерді. Биылғы жылы 167 адамға 17,7 млн теңге көтерме ақы мен 73 маманға 65 млн теңге көлемінде тұрғын үй несиесі бөлінді. Мемлекеттің қолдауына сүйенген жастар Елбасына алғыстарын жеткізді.

 
 Кәусар Аяпбергенқызы