Ауыл шаруашылығы

Ғылыми ізденістер нәтижесі

 

 

 

Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары өңірімізде мал шаруашылығы, жем-азық өндірісі мен ветеринарияны дамытуға зор үлестерін қосып келеді. Бұл бағытта олар ғылым жетістіктерін кең ауқымда енгізіп, инновациялық технологияларды барынша меңгеруде. Институт құрылғаннан бері ғалымдар 200 -ден астам ұсыныстар мен нұсқаулықтар әзірлеп, өндіріске енгізген, өнертабыс үшін 26 патент пен авторлық куәлік алған. 50 томнан артық еңбек жарық көріпті. Бүгінде институтта 57 ғылыми қызметкер жұмыс істейді. Мал және өсімдік шаруашылығын дамыту бағытында көп жылдардан бері қажырлы жұмыс істеп жүрген институттың 4 қызметкеріне профессор ғылыми атағы берілді. Сонымен қатар ғалымдармен тығыз қарым-қатынас орнатқан өңіріміздегі үш шаруашылықтың басшылары да ғылыми атаққа ие болды.

Айымгүл Әбілева