Балалар

Жас теміржолшылар слеті

 

Жас теміржолшылардың алғашқы аймақтық жиыны осыдан 4 жыл бұрын өткен екен. Ол жылы жастар Ресейдегі Орынбор мәдениет үйінде бас қосқан болатын. Ал бүгін белсенділер қазақ жерінде жиылды.

Зәуреш Әбілмәжінова, Оңтүстік-Орал темір жолының  Петропавл бөлімшесінің аудармашысы:

 

 

 -Слет Петропавлда 1-ші рет өтіп жатыр. Сондықтан да біз көп күш жұмсап дайындалдық. Қарсы алып жатқан қонақтарымыз Орынбор, Челябинск қалаларынан келіп отыр. Осы слетіміз жақсы өтеді деген ойдамыз.

Елена Шуховцева, Оңтүстік-Орал темір жолы филиалының бағалау, мониторинг, персоанл және жастар саясаты бөлімінің бастығы:

-Слёт жастардың өнерін ғана бағаламай, атқарылған істерді қорытындылауға да жақсы мүмкіндік. Осы арқылы достық қарым-қатынас орнатуға да болады.

«Караван перспектив» слётіне Оңтүстік Орал теміржолының 100-ге жуық маманы қатысты.
4-ші слеттің ашылуымен теміржолшыларды облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов құттықтады.

Фархад Қуанғанов, СҚО әкімінің орынбасары:
-Бүгін Петропавлда қонақтарды қарсы алып отырмыз. Осы жердегі темір жол аумағы достықтың көпірі болар деген сенімдеміз. Әрбір қатысушыға жеңіс пен шығармашылық табыс тілеймін.

Орынбор қаласының тобы алғашқы 3 слеттің де үздігі атанған екен. Жастар биылғы жылы да жеңіске жетуге үмітті.

Алексей Правдин, Орынбор жол станциясының белгі берушісі:

-Осындай слеттерді жиі өткізсе екен. Біздің қойылымдарымыз көрермендердің көңілінен шықты деп үміттенемін,  өйткені көп дайындалдық.

Ал Қорған қаласының командасы суырып салма өнерімен және жарасымды әзілдерімен жұрттың көңілін аулады. Сахнада өнер көрсету үшін көп дайындалыпты. Елена Боброва теміржолшылардың жиынына алғаш рет қатысып отыр.

Боброва, ШЧ-6 техникалық құрылғыларды қолдану жөніндегі инженер, Қорған қаласы:

– Оң әсерлер өте көп. Жиын жоғары деңгейде өтіп жатыр. Барлық жастар дарынды.

Қатысушылар сайыскерлердің мүмкіндіктерін мұқият бақылап, бір-біріне қолдау көрсетіп отыр. Петропавл құрамасы тың идеялармен және орынды әзілдерімен көрермендердің жүрегіне жол тапты. 2009 жылы олар 2-ші орынды еншілепті. Бұл жолы бас жүлдеге ие болуды көздеген.

Данияр Жаманбаев, ТЧ – 12 электромеханигі, Петропавл қаласы:
-Слёт өте қызықты өтіп жатыр. Жақсы көңіл-күй сыйлап отыр. Жақсы өнер көрсетуге тырыстық.  

Жиын жас теміржолшылардың көңілінен шықты. 2 күннің ішінде тренинг пен түрлі ойындар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Оңтүстік-Орал темір жол жастары кеңесінің жаңа төрағасы тағайындалады.

Айдана Демесінова