ТЖ

Жүргізушілер арасындағы жарыс

 

 

 

 

Ақжар ауданындағы №8  өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Амангелді Таңатовтың бұл салада қызмет еткеніне 11 жыл болыпты. Яғни, тәжірибе мол. Сондықтан ол жарыста жеңіске жету үшін барынша тырыспақ.

 Амангелді Таңатов, жарысқа қатысушы, Ақжар ауданы:
– Мен Шығыс аймақтағы жарыстың жеңімпазымын. Осы жолы да жақсы нәтиже көрсетіп, үздік атанамын деп сенемін.

Сайысқа аймақтық кезеңнің жеңімпаздары ғана түсіп жатыр. Барлығы 4 өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі ең жылдам әрі үздік атану үшін күш сынасады. Бұл сын осымен 6-шы жыл қатарынан ұйымдастырылуда.

Ерік Мәжітов, ТЖМ СҚО «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі» басқармасының бастығы:
– Ең мықты, дайындығы мол жүргізушілер қатысуда.   Жүргізушелерге өте жауапты міндет жүктелген. Жеке құрамды өрт болған жерге дер кезінде өткізу керек.

Жарысқа қатысушылар өрт сөндіру көлігін басқару жылдамдығы мен түрлі кедергілерден қиындықсыз өту бойынша бағаланады. Жүргізушілердің әр іс-әрекетінің шапшаңдығы және тапсырманың айна-қатесіз орындалуы да басты назарда. Тапсырманы тез әрі қатесіз орындаған №1-ші өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Әлібек Оспанов ең жылдам жүргізуші атанды. Өзге қатысушылар да жарыстан құр қол қайтпады. Олардың әрқайсысына құнды әрі жұмыста аса қажет сыйлықтар табысталды.

Инеш Шоқақова