Ауыл шаруашылығы

Астық қабылдау орындары науқанға дайын

 

 

 

 Аудандағы ірі қырман шаруашылығының бірі «Новомихайловка – 2003» жаңа астықты қабылдауға толық дайын. Мұндағы қоймалар 2000 тоннаға дейін астық сақтай алады. Былтыр 12 мың шаршы метр жерге және биыл тағы 8 мың шаршы метрге қосымша асфальт төселді. Құрылғыларын жаңартуды да естен шығармапты.

Петр Богданов,  «Новомихайловка – 2003» қырман шаруашылығының бас агрономы:
-Былтырғы жылы бидайды сапалы тазалайтын заманауи жоғары өнімді жабдық сатып алдық. Биыл көпжылдық шөптерді арнайы тазартудан өткізетін шілтер орнаттық. Соңғы жылдары біз сондай шөптердің тұқымын өсірумен айналыса бастадық.

Тұқымдық өсімдіктерге ден қойғандарына көп уақыт өтпесе де серіктестік қоймасында түйебұршақ, атылықшөп, жоңышқаның тұқымдары жиналып қалыпты. Енді олар жаңа өнімді қабылдауға дайындалу үстінде.

 Любовь Железко, «Новомихайловка – 2003» тоқ шаруашылығының меңгерушісі:
-Құрылғымыз тұқым кептіруге ғана арналған. Оның өнімділігі 160 тонна. Ал қоймамыздың барлығы 2000 тоннаға ғана шақталған. Сондықтан жағдай қиындау, бірақ бәрін сыйғызамыз деп ойлаймын.

Шаруашылықтың егін алқабы 9 мың гектар. Күн райының шуақты кезінде олар егінді орып, элеваторға тапсырып үлгереміз деп үміттеніп отыр. Ал көршілес «Мамбетов и К» серіктестігінің қамбасына алғашқы өнім түсе бастаған. Сыйымдылығы 4,5 мың тонналық элеваторға күніне 500 тоннадан астам астық әкелінеді. Оны кептіру үшін 2 құрылғы жұмыс істеп тұр. Ал биылғы науқанда тағы бір шағын элеватор іске қосылған.

Қайрат Өсіпов, «Мамбетов и К» КС қырман шаруашылығының меңгерушісі:
Биылғы жазда жауын көп болғандықтан бидайдың ылғалдылығы жоғары. Сондықтан оны кептіру үшін жоғары өнімді элеватор қажет болды. Мына құрылғы күніне 500 тоннаға жуық бидайды кептіре алады.

Биылғы мол жауынның пайдасы мен зияны тең болған сияқты. Оның көптігінен егін бітік шықты, бірақ тым дымқыл болғандықтан бидайдың бәрі міндетті түрде кептірілуі тиіс. Алайда Мамлют ауданының агроқұрылымдары бұл жөнінен қам жемейтін көрінеді. Ондағы барлық 65 механикалық өырман мен 20 қырман шаруашылығы жұмысқа толық дайын.

 Кәусар Аяпбергенқызы