Спорт

Жас аяқдоп шеберлерінің сайысы

 

Бұл турнирды «Мяч» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр. Жеңімпаздарға сыйлықтар, дипломдар мен кубоктар табыс етілмек. Ойыншыларға  3 футбол алаңы бөлінген. Жарысқа қатысуға ниет білдіргендер аз емес.

Осы турнирге жаздың басынан бастап қатысып жатырмыз. Конституция күніне арналған турнирда біз 2-орынды жеңіп алдық. Осы турнирда 1-орынды алуға тырысамыз.
Мен KZ командасының құрамында ойнаймын. Біз аула турнирларына қатысамыз. Жақында өзге командалармен финалда ойнайтын боламыз.  

Турнирға жас ерекшелігі бойынша 4 топқа бөлінген 12 команда қатысуда. Олардың ішінде жақын маңдағы Белое, Пеньково, Бескөлден келген командалар да баршылық. Ұйымдастырушылар алдағы жылдары мұндай ойындарға қызығушылық танытушылардың қатары қалыңдай түсетініне сенімді.

Вячеслав Гуменный, «Мяч» ЖҚБ директоры:
Бізде төрешілердің жұмысы жақсы ұйымдастырылған. Футбол ойнауға арналған алаңдар мен керек-жарақтардың бәрі жеткілікті. Мамлют қаласы мен Преснов селосы командаларының қосылуын күтіп отырмыз.

Аталмыш турнир қазанның 30-на дейін жалғаспақ.

Инеш Шоқақова