Әр түрлі

Қыркүйектегі ауа райы

 

Жерлестеріміз қыркүйек айының басында жылы күннің шуағына бөленеді. Синоптиктердің болжауына қарағанда ауаның орташа айлық температурасы 11-16 градус жылы болады.

Дмитрий Шпротько, Солтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығының инженер-синоптигі:

-Бірінші онкүндікте ауаның орташа температурасы күндіз 25-30 градус жылы болады. Түнде сынап бағанасы 5-15 градусқа дейін төмендейді. Онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде 0-5 градус болса, күндіз термометр 9-19 градус жылуды көрсетеді.

Екінші онкүндікте де күздің алғашқы айы жылы болады деп күтілуде. Алайда үшінші онкүндікте күздің ызғары сезіліп, ауа райының температурасы +5-+15 градусқа дейін төмендейді. Жауын шашын да шамадан көп болады деп күтілуде.

Дмитрий Шпротько, Солтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығының инженер-синоптигі:

-Бірінші онкүндіктің соңы мен екінші онкүндікте өткінші жаңбыр жауады. Үшінші онкүндіктің ортасында жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.Үшінші онкүндіктің басында солтүстік-шығыстан соғатын жел 15-20 м/ күшейеді.

Мамандардың айтуы бойынша 2003 жылдың 3 қыркүйегі осы айдың ең жылы күні деп белгіленген екен. Бұл күні сынап бағанасы 34 градусты көрсеткен. Ал күздің алғашқы айының ең суық күні 1955 жылдың 29 қыркүйегінде тіркеліпті.

Айдана Демесінова