ТЖ

Тырысқақтың алдын алуға арналған оқу-жаттығу

 

 

 

Жоспарға сәйкес дәрігер қабылдауына келген науқас демалысын Украина елінде өткізгендігін айтады. Бұл елде тырысқақ ауруының белең алуына байланысты дәрігер науқастың қатерлі дертке шалдыққанын болжайды. Хабар алған санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, аса қауіпті дерттерге  қарсы күрес станциясы мен жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 10 минут ішінде жетті. Арнайы киім киген мамандар лабораториялық тексеріске қажетті материалдарды алды.

Галина Лукашевич,  «2-ші қалалық емхана» КМҚК дәрігер-инфекционисі:
– Қабылдауға келген науқас дене қызуының көтеріліп, жиі құсқысы келетінін айтқан. Сондай-ақ тырысқақ ауруына шалдығу фактілері жиі тіркелген елде болғандығын айтты. Тексерістен кейін науқас жедел жәрдеммен 1-ші қалалық емхананың инфекциялық бөлімшесіне жеткізілді.

Қауіпті инфекцияның таралауын тоқтату үшін обаға қарсы күрес станциясының қызметкерлері мекемені залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Өйткені вирус негізінен  сыртқы орта арқылы беріледі. Бұл аурудың қоздырғыш вибриондары көбіне су ағымдарында кездесетін көрінеді.

Толқын Қаженова, қалалық мемлекеттік санитарлық қадағалау басқармасының бас маманы:
– Мамыр айынан қазан айына дейін аурудың эпидемиологиялық деңгейіне келіп жеткен кезде су сынамалары алынып тұрады. Ауруды тудыратын қоздырғыштар табылған жоқ.

Сақтансаң – сау боларсың дейді мамандар. Сондықтан жаттығудың бұлайша шынайы түрде өткізілуі бекер емес. Шетелдерде ішек вирусына шалдыққандар санының артуына байланысты денсаулық сақтау мекемелерінің мамандары қауіпті дерттің алдын алу шараларын еліміздің барлық өңірлерінде өткізуде.

Инеш Шоқақова