ТКШ

“Петропавл судың” қызмет ақысы көтеріледі

«Петропавл су» АҚ-да үстіміздегі жылы атқарылған жұмыс

көлемі

 

үлкен. Биыл су бұру кешенін қалпына келтірудің екінші кезеңіне 340 млн. теңге бағытталған. Қазірде жұмыстың 70 пайызы тындырылыпты. Қазанның соңына дейін барлық шаруа аяқталмақ.

Аслан Сатин, «Петропавл су» АҚ бас директоры:
Қысқа дайынбыз. Биыл 7 км су құбыры және 1,4 км кәріздік жүйе ауыстырылды.

Бүгінгі күні солтүстік коллекторда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінген.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
Жағдай, әрине, өте қиын болды. Бұл кәріздік коллекторға 45 жыл. Тозығы жеткен, оны ауыстыру қажет. Екі-үш ай ішінде барлық жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ қазір оңтүстік коллекторды жөндеуге жобалау-сметалық құжат дайындалып жатыр.

Биыл сонымен қатар облыс орталығында коммуналдық төлемдер қабылдайтын есеп-кассалық орталық ашылыпты. Келесі жылы осындай қосымша пункттерді іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ «Петропавл су» 2012 жылы жаңа тариф енгізуді көздеп отыр. Үш жыл ішінде техника паркі жаңартылмақ. Облыс әкімі кәсіпорын жетекшісінің жоспарына қолдау танытты.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
Жаңа жылдан кейін тариф өзгереді. Қазір барлық қажетті құжаттарды дайындау қажет. Үш жылға жоспарланған кәсіпорынды жаңғыру бағдарламасы да жүзеге асырылатын болады. Жаңа техника сатып алуға бюджеттен қаржы бөлуді қарастырамыз. Сондай-ақ агролизингке де алуға болады.

Кездесу соңында Серік Біләлов кәсіпорын қызметкерлеріне екі экскаватор-тиегіштің кілтін табыс етті.Кәсіпорын механизаторлары жаңа техниканың көмегімен жұмыс жылдам жүріп, сапасы да жақсара түсетініне сенімді.

Орынбай Рамазанов, «Петропавсу» АҚ механизаторы:
Бұрынғы техника ескі болатын. Тез сынатын. Енді жаңа техникамен жұмыс жақсы жүреді деп ойлаймын. Үлкен рахмет.

Кәсіпорындағылар енді бульдозер алуды жоспарлап отыр.

Айымгүл Әбілева