ТКШ

Облыс орталығының көптеген үйлері ыстық сусыз отыр

Жылыту маусымы таяп қалды, ал облыс орталығындағы 134 үйдің тұрғындары ыстық сусыз отыр. Бұл көпқабатты үйлер «Петропавл жылу желілері» ЖШС-нің мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ауданда орналасқан. Кәсіпорын директоры Андрей Калиничевтің айтуына қарағанда, жағдай жуық арада өзгермек.

Андрей Калиничев,«Петропавл жылу желілері» ЖШС директоры:
-Бензострой кентіне – 15-18 қыркүйекте, 2-қалалық аурухана ауданына – 14 қыркүйекте, орталыққа – 10-да, ал вокзал ауданына – 5 қыркүйекте ыстық су береміз.

3-қалалық аурухана ауданындағы үйлерге ыстық су қыркүйектің тоғызы, 19 ықшамауданға он төрті, ал 20 ықшамауданға он алтысы беріледі. Қыркүйектің  25-і «Сокол» сауда үйі ауданында тұратын қалалықтар да суға қосылады. Жиында әлеуметтік нысандардың қысқа дайындығы да сөз болды.

Антон Макаров, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:
-Қазіргі таңда барлық балабақшалар мен мектептер дайындық жөніндегі төлқұжаттарды алды. Көмір жеткізіліп, жылыту жүйесі әзірленді.

Тағы бір маңызды мәселе – кәріз жүйелерінің  жағдайы. Үйлер ішіндегі желілерді қалалықтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында жөндеп ауыстыра алады. Отырыста жер қазу жұмыстарына қатысты  да мәселе көтерілді. Үстіміздегі жылы бұл жұмыстарға тұрғын үй инспекциясы 162 рұқсат құжаттарын берген. Бірақ көптеген кәсіпорындар жөндеу жұмыстарынан кейін аумақты бұрынғы қалыпқа келтіруге асығар емес. Мұндай мәселе тумас үшін, енді абаттандыру тәртібін бұзғандарға айыппұл салынатын болады.

Айымгүл Әбілева