ТКШ

Қоныстой

 

 

 

Мир көшесі, 227 мекенжайындағы 11 қабатты тұрғын үй сырт келбетімен ерекше тартымды. 55 пәтерден бөлек бірінші қабатында дүкені, балалар ауласы бар ғимараттың құрылысы 2007 жылы басталған болатын. Бұл бас мердігер «Основание» ЖШС-ның өз қаржысына салған алғашқы жеке жобасы.

Сергей Тимофеев, “Основание” ЖШС директоры:
 -2004 жылдан бастап біз тұрғын үй бағдарламаларына қатысып, 6 үй тұрғыздық.
Ал мынау алғашқы коммерциялық ғимарат. Келешекте осы бағытты жалғастырамыз деп ойлаймын. Әлі сатылмаған пәтерлеріміз бар.

Көпқабатты коммерциялық үйдің алғашқы тұрғындарына пәтер кілттерін қала әкімі Н.Әшімбетов табыстады. Ал баспаналарына көрімдік ретінде қала әкімдігі үй жанынан саябақ ашып бермек.

Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:
-Биыл Петропавлда 50 мың шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз. Оның 20 мыңы Үкімет қаржысына, қалған 30 мыңы жеке кәсіпкерлердің есебінен салынады.
Сондықтан мемлекет оларды жан-жақты қолдайтын болады.

6 мың шаршы метрге жуық аумақты алып жатқан үйдің 1 бөлмесі 50 шаршы метрді құрайды. Әрлеу жұмыстары жүргізілмеген пәтерлердің әр шаршы метрі 98 мың теңге, дайын пәтерлер 108 мың теңгеге бағаланып отыр. Шамалап есептегенде бұл үйдегі бір бөлмелі пәтердің құны 37 мың доллар болады. Соның бірі СҚО діни қызметкерлерінің үлесіне тиіп отыр.

протоиерей Сергий:
Конституция елдегі барлық діни адамдарға еркін қызмет ету мүмкіндігін сыйлап отыр. Осыдан біраз жыл бұрын шіркеуге жылу мен телефон тартуды сұрағанда бізге оның керегі жоқ деп жауап берген болатын. Ал енді жаңа үйден пәтер беріп жатыр. Барлық қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтап, елімізге бақ-береке тілеймін.

Бұл үйдің қарсы бетіне “Основание” компаниясы тағы бір ғимарат тұрғызуды жоспарлап отыр.

Кәусар Аяпбергенқызы