Қоғам

Негізгі Заңға арналған конференция

Жиынға қатысушылар алдымен мемлекеттің негізгі заңының тарихына тоқталып өтті. Ел экономикасының дамып, халықтың әлеуметтік деңгейінің артуы да Ата Заңымыздың арқасы дейді олар.

Дәукен Темірбаев, ҚКХП СҚО филиалының бірінші хатшысы:
Қазақстанның тарихында 5 Конституция болды. Алғашқы Ата заңымыз Қазақ автономды социалистік республикасында 1926 жылы қабылданған. Заман жылжыған сайын заңға өзгертулер енгізу қажеттігі туындайды. Соңғы Конституциямызда бұл мәселе ескерілген.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері бағындырған белестері молынан. Азаматтардың құқықатры мен  мен бостандықтарының шектелмеуі де тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген жетістіктеріміздің бірі. Ал оның кепілі мемлекетіміздің басты құжаты – Конституция болып табылады.

Дәукен Темірбаев, ҚКХП СҚО филиалының бірінші хатшысы:
Конституция біздің білім алу, еңбек ету сынды түрлі әлеуметтік құқықтарымызды айшықтады. Бұл құқықтарды азаматтар орынды пайдалана білуі тиіс. Түрлі ұлт өкілдерінің ортақ шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруі де негізгі заңның қуаттылығын айқындап отыр. Сондықтан ҚР Конституциясының 16 жылдығы ел өміріндегі маңызды оқиға.

Инеш  Шоқақова