Автожарыс

Спорт

15:59 31 Тамыз 2011

Петропавл әуежайы маңында арнайы жарыс жолы жасалыпты. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты қатысушылар бұл трассаны жарыстың   алдында ғана байқап көре алды. Тіпті жауын-шашынның салдарынан ұйымдастырушыларға жаңа жол учаскесін салуға тура келген.

Владимир Жуковень, жарыс ұйымдастырушысы:
– Осы маусымда тас жолдың жағдайы көңіл көншітпейді.
Жолдың ең қызықты бөлігін шұғыл түрде ауыстыруға тура келді. Ойдағыдай болмағанымен , жоғарғы учаскені тез арада қайта жасадық.

Жарыстың бұл кезеңі жуырда дүниеден озған автокөлік спорты федерациясының президенті Болат Ақтаевқа арналған. Турнирдың ашылуында жарысқа қатысушылар еліміздегі спорт саласының дамуына өзіндік үлесін қосқан спортшыны бір минут үнсіздікпен еске алды.

Турнирге 5 қаладан 48 үміткер қатысты. Ал өңір намысын 2 құрама қорғады. Сайыс талабы бойынша олардың әрқайсысы 3 мүмкіндіктен 7 айналым жасауы тиіс. Бұл Виктор Емельяненконың мұндай жарысқа алғаш қатысуы.

Виктор Емельяненко, жарысқа қатысушы:
Мен 8 адамның арасында 4-ші болып мәре сызығына жеттім. Бірінші рет қатысып отырған адам үшін бұл өте жақсы нәтиже деп ойлаймын. Өзімнің көңілімнен шықты.  

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын алматылық «Астана-моторс» құрамасында. Күміс жүлдені де алматылық спортшылар уысынан жібермеді. Ал петропавлдық «СТК Лидер» құрамасы   3-орынды қанағат тұтты. Жарыстың келесі кезеңі Көкшетау қаласында өтпек.

Инеш Шоқақова