Билік

Мағжан Жұмабаев ауданындағы мерекелік шаралар

Булаев қаласының орталық алаңында мереке әдеттегіден ертерек басталды. Конституция күні қарсаңында мұнда “ҚР Мемлекеттік рәміздерінің” мемориалы ашылмақ.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Құрметті жерлестер, мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін салтанатты түрде мемлекеттік рәміздердің мемориалын ашып жатырмыз. Құтты болсын.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Құрметті жерлестер, мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін салтанатты түрде мемлекеттік рәміздердің мемориалын ашып жатырмыз. Құтты болсын.

Ата заңымыздың туған күні қарсаңында көпбалалы екі анаға “Күміс алқа” тапсырылды. Ал өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан тағы 5 азамат облыс әкімінің құрмет грамоталарына ие болды.

Жанат Бкаев, М.Жұмабаев ауданы прокурорының аға көмекшісі:
-Құрметті қазақстандықтар, Ата заң күнімен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Бұл күн аудан оқушылары үшін де ерекше маңызды. Ата заңның құрдастары жеке бас куәліктерін алып, Қазақстанның толыққанды азаматтары атанды.

 Равшанбек Шамұратов,  Булаев қалалық  №4 орта мектебінің оқушысы:
-Бүгін мен үшін қуанышты күн.
Куәлік алып жатырмын. Конституция күніне 16 жыл толып жатыр. Құттықтаймын.



 

М.Жұмабаев ауданының тұрғындары  тойға келген меймандарға биылғы жылы алған өнімдерін де көрсетіп қалды. Өз бақшаларында өсірген көкөністерді ауылдық округтердің өкілдері мен аудан кәсіпкерлері көрмеге шығарыпты. Облыс әкімі Серік Біләлов ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы атындағы  саябақты да көрді. Өткен жылы мұнда асфальт төселіп, орындықтар қойылыпты. Ал ағымдағы жылы ойын алаңы салынған. Енді бұл саябақ қалалықтардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналды.

  Бұл күні осы аудандағы Қарақоға ауылында да мереке. Мұнда 75 балаға шақталған “Балапан” атты балалар бақшасы ашылды. Ғимаратты күрделі жөндеуге жергілікті және республикалық қазынадан 56 млн теңгеден астам қаржы жұмсалыпты. Бүгінде Қарақоға ауылында мектепке дейінгі тәрбие алуға тиісті 100 бала бар екен. Жаңа бақша бұл мәселені түбегейлі шешіп отыр. Серік Біләлов ауыл бүлдіршіндеріне плазмалық теледидар тарту етті.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Елбасы мектепке дейінгі білім беру мәселесіне көп назар аударады.
Бүгінгі оқиға соның дәлелі. Баршаңызды құттықтаймын.

Серік Біләлов балабақшаның материалдық-техникалық базасымен, оның болашақ тәрбиеленушілерімен танысты. Балалар да меймандардың келуіне жақсы дайындалған екен.
«ЖНВ» ЖШС –  М.Жұмабаев ауданындағы ең ірі шаруашылықтардың бірі. Мұнда мал және өсімдік шаруашылығы  қатар дамыған.

Николай Жигалов, «ЖНВ» ЖШС басшысы:
– 32 гектар жерге бидай ектік, одан бөлек мал азықтары, жүгері дақылдарын септік. Өйткені  мал шаруашылығымен айналысамыз. Бүгінде ет өндірісі үшін 400 бас ірі қара өсірудеміз. Алдағы уақытта тағы 100 бас алып, келешекте бұл санды 1500-ге дейін жеткізуді жоспарлап жүрмін.

Биылғы ауа райының қолайлы болғанына қарағанда астық мол болуы тиіс дейді шаруашылық басшысы. Өнімді жинайтын жұмыс күші мен техника қызу науқанға толық дайын. Жақында ғана 2 млн доллар жұмсап материалдық-техникалық базаларын жаңартыпты. Серік Біләлов  жаңа комбайндардың мүмкіндіктерімен танысты.
  Облыс әкімі Образец ауылына да соқты. Мәжіліс және дене шынықтыру залы, теннис үстелі бар  мекеменің жабдықталуына өңір басшысы оң бағасын берді. Сондай-ақ меймандар «ЖНВ» ЖШС-ның қырманын да айналып өтпеді. Бітік шыққан жаңа өнімнің олар 5-6 мың тоннасын сақтай аламыз дегенді айтты.

Ал Фурманов ауылдық округі жұмыс істеп тұрған 6 азық базасының 4-уін қалпына келтіруге дайындалып жатыр. Аймақ басшысы уақытты созбай жақын арада жөндеуге кірісуді тапсырды. Қыркүйектің 15-і күні мұнда Германиядан симментал тұқымдас 440 бас асыл тұқымды ірі қара әкелінеді.

Кәусар Аяпбергенқызы