Қайырымдылық

Жаңа оқу жылына дайындық

Қазір интернатта балалардың асыр салып, бір-бірімен жарыса сөйлегені естілмейді. Бірер күннен кейін мұнда 10 бүлдіршін келмек. Ал олар оралғанша жөндеу бригадасы бөлмелерге жаңа шамдар орнатып, терезелерді ауыстыру жұмыстарына кірісіпті.

Жәзира Ғабдулина, облыстық жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат директорының орынбасары:
– Жыл басына бізде 165 бала болады. 29-ында тамыздың балалар келеді лагерьден.  Балалар бәрі жақсы.1 сыныптан 11 сыныпқа дейін балалар тұрады.

Облыстық жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттағы әр отбасының өз демеушілері мен жанашырлары бар. «Жұлдыздар» отбасына талай жылдан бері «Севказэнерго» АҚ қолдау көрсетіп келеді.

Мына компьютер мен теледидарды балаларға сыйға тартқан да осы мекеме.

Вячеслав Савенков, «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі:
– Биыл түсқағаздар мен терезелер алмастырылды. Бастысы балалардың қыс мезгілінде жаурамауына көңіл бөлдік. Ұсақ-түйек болып көрінгенмен осының бәріне 1,5 млн теңгедей қаржы жұмсалды.  

Мына демалыс бөлмесі де биыл қайта жөндеуден өткізіліпті. Енді жаңа кейіпке енген интернат балаларды құшақ жая қарсы алуға әзір.

Инеш Шоқақова