Қоғам

Петропавлда ақсақалдар аллеясы және зерде қабырғасы салынбақ

 

 

 

Саяси қуғын-сүргін құрбандарының құрметіне қаламызда зерде қабырғасын орнату қажет деген пікірде аға буын өкілдері. “Память” қоғамдық қорының мүшелері солақай саясаттың құрбаны болған жеті мыңға жуық солтүстікқазақстандықтың есімін тасқа қашап жазуды көздейді. Ескерткішті орнату үшін шамамен 15 млн. теңге қажет. “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасы, өңір басшысы Серік Біләлов саяси қуғын-сүргінге жетпіс бес жыл толуына орай келесі жылы қабырға орнатылатынын жеткізді. Мұнымен қатар ардагерлер жұмыс жасайтын орындарының тарлық етіп отырғанына шағымданды.

Болат Сағындықов, “Память” қоғамдық қорының төрағасы:
– Орталықта керек. Вокзалдағы үйде бір ғана бөлме бар. Оның үстіне алыс, барып келу қиын. Мынау орталықта болса дұрыс болар еді. Бұл мәселе шешілетін шығар деп үміттенеміз.

Ал бұл мәселе көп ұзамай шешілуі мүмкін. Жақында облыс орталығында салынып жатқан төртқабатты ғимараттың құрылысы аяқталады.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
-Аграрлық үйді бітіргеннен кейін ауыл шаруашылық барлық департаменттерді, басқармаларды сонда көшіреміз. Сонда облыстық мәслихатта орын болады.

Аға буын өкілдерінің тағы бір өтініші – қалада ақсақалдар аллеясын ашу. Серік Біләлов кездесуде айтылған барлық өтініш-ұсыныстардың бақылауға алынып, міндетті түрде шешілетінін айтты.
 Айымгүл Әбілева