Бизнес және экономика

Петропавлға Алматы облысынан делегация келді

 

Алматы облысы әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков бастаған топтың құрамында аграрлық саланың өкілдері мен ел нарығына өз өнімдерімен танылып қалған бірқатар кәсіпорындардың жетекшілері бар. Олар аймақ басшысымен өткен кездесуде өз мүмкіндіктерін айтып, ұсыныстарын жасады. Бастысы – Алматы облысының ішкі сұранысын қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қорына 100 мың тонна астық сатып алу.

Тынышбай Досымбеков, Алматы облысы әкімінің орынбасары:
– Бидайдың бағасы 20 -23 мың  аралығында болса, аламыз деген ойымыз бар. СҚО жағдайы жақсы. 7 млн тонна астық алатын болса 100 мың түк емес. Қолма-қол ақша төлейміз.

Аймақ басшысы Серік Біләлов Алматы облысынан келген делегация өкілдерін тыңдап, ұсынысты қабылдайтынын айтты. Екі жақ арасында әріптестікті нақтылайтын меморандумға қол қойылды.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Осы меморандумды екі жақта қолдап жатырмыз. Егер біздің жақтан 100 мың тонна бидай берсек, бізге көкөніс бар. Бәрімізге пайдалы. Бағалар көкөніске көтерілмесін,  ойлаймын жақсы болады деп.

 
Қазіргі кезде Алматы облысының астыққа жылдық сұранысы 286 мың тонна. Солтүстік Қазақстанның  сапалы бидайы Алматы облысының тұрақтандыру қорын қамтамасыз етуге қажет.

Тынышбай Досымбеков, Алматы облысы әкімінің орынбасары:
–  Алматыда  бірінші сортты нан 46 теңге дүкенде. Келешекте осы бағаны ұстап тұру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бізде 420 мың тонна бидай өндіріледі. Суармалы жерде өседі. Кілегейлігі нашар. Солтүстік Қазақстан облысынан жылда алып жүрміз. Биыл 100 мың тонна.

Еліміздің оңтүстігінен келген қонақтар мұнда 10 мың тонна сарымсақ, 6 мың тонна картоп, 2 мың тонна күрішін ала келіпті. Оларды қол жетімді бағада сатуды да көздеп отыр. Мұның қатарында өз өнімдерін ұсына келген бірқатар кәсіпорындар да бар.
“Сарыбұлақ” серіктестігінің құс фабрикасы бар. Олар қосымша 15 мың тонна астық керек деп отыр. Бағасы қалта көтерерлік болса,  4-5 классты бидайды алуға даяр екендіктерін жеткізді. Ал “Жолбарыс Агро” серіктестігінің директоры  Халық Баядилов қазақстандық сапалы картоп тұқымын ұсынды. Егер жергілікті шаруашылықтар қызығушылық таныстса, сұранысты қамтамасыз ете аламыз дейді. Аймақ басшысы Серік Біләлов орынбасары Айдарбек Сапарвқа және ауыл шаруашылығы басқармасына барлық ұсыныстарды есепке алып, сараптауды тапсырды.

Дана Ғизатова