Құқық қорғау органдары

«STOP трафик»

 

Евгения деген бикеш қала сауналарының бірінде жезөкшелікпен айналысқаны үшін ұсталды. Бұл кәсіппен шұғылданған 2 жылда екі баланың анасы өзінің жеке клиенттерін де тауып үлгеріпті. Негізінен ол сауна мен монша администраторларының шақыруымен барып, олжасының жартысын соларға тастап отырған. Бұл жолы тәртіп сақшылары жезөкшеден 6 мың теңге алып тұрған жерінен 28 жасар жеңгетайды да қолға түсірді.

Ермек Тәттібаев, СҚО ІІД ҰҚҚКБ бастығы:
–  Арнайы жүргізілген іс шара барысында жеңгетайлықпен айналысқан қаладағы сауналардың бірінің администраторы ұсталып, одан ақша тәркіленді. Күдікті сауна клиенттеріне жезөкшелерді шақыртып, олардан екі мың теңге алып отырған. Қазіргі кезде бұл факті бойынша тергеу жүргізілуде.  

Бүгінде жеңгетайды жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Қылмыстық кодекске сәйкес  бұл үшін ірі көлемде айыппұл немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал жезөкшелікпен айналысқан бикештер тіркеуге алынды. «STOP трафик» жедел алдын алу шарасы барысында полиция қызметкерлері облыстағы ойын-сауық орындарын, сауналар мен моншаларды, қонақжай кешендерін тексеруде. Жалпы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының тізіміне жезөкшелікпен айналысатын 43 әйел алынған. Ал жеңгетайлықтың жыл басынан бері 4 фактісі әшкереленді.

 Кәусар Аяпбергенқызы