Қоғам

Көсем жаңа орынға жайғастырылды



 

Тамыз айының басында Петропавл қаласының шеткі шағын ауданындағы Ленин ескерткішінің алынуы қариялардың наразылығын тудырған. Пролетариат көсемін ерекше құрметтейтін азаматтар қала әкімдігіне хат жолдапты. Солардың қатарында Дәукен Темірбаев та бар. Енді ол жергілікті атқарушы органдардың көпшіліктің өтініштеріне құлақ асып, ескерткішті «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесінің алдына орнатқанына разы.

Дәукен Темірбаев,  ҚКХП СҚО филиалының бірінші хатшысы:
– Әкімшілік өзінің берген уәдесін істеп, мына ескерткішті қаланың ортасына қойып. Бұл бізге өте қолайлы.Себебі мұнда кісі көп жүреді, кісі көп болады, өткен-кеткен Ленинді көріп жатады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты құрылыс жұмыстары әлі бітпеген. Дегенмен, жұмысшылар осы аптаның соңына дейін бар істі аяқтаймыз деп отыр. Соңына жетпеген жұмыс қариялардың өз заманындағы ұлы тұлғаға бас иіп, гүл шоқтарын қоюға кедергі келтірмеді. Ескерткіштің жаңа орны жиылғандардың көңілінен шықты.

Айдана Демесінова