Бизнес және экономика

Екі облыс кәсіпкерлері кездесті

Кәсіпкерлердің кездесуі екі облыс әкімдері арасындағы жасалған ынтымақтастық туралы келісім аясында өтті. Облысқа алматылық ондаған кәсіпорын өкілдері келіп, өз өнімдерін көрсетті.

Сексембай Бекішев, Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары:

 

 

 -Алматы облысының Солтүстік Қазақстанға келген себебі кәсіпкерлікті дамыту. Аймақтардағы сауда аймағын нығайту. Өзімізде шығарылған өнімді бүткіл Қазақстанға сатуға мақсатты түрде кірісіп жатырмыз.  

Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлермен кездесуге негізінен жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс материалдарын өндіру саласының өкілдері келді. «Хенкель Баутенчик Казахстан» серіктесігінің құрғақ қоспалары облыс тұтынушыларына  танымал. Ал екі жақты кездесулерден соң жеткізілетін тауар көлемін арттыру көзделген.

Ермұрат Иманқұлов, «Хенкель Баутенчик Казахстан» ЖШС директорының орынбасары:

-Марка біздің «Церезит». Біздің өнімнің сапасы  мықты. Өзіміздің лаборатория бар. Негізінен кафель желімі, желім технологиялары. Қандай тауар бар, қалай пайдаланады, түсіндіріп кеткен дұрыс болар еді.

Тауар көлемімен қатар түрін де көбейтуге  жерлестеріміз де мүдделі

 Ольга Кубасова, «Барс Норд» ЖШС сатып алу бойынша менеджері:

-Біз біраздан бері бұл компанияның тауарын саудаға салып жатырмыз. Негізгі өнімдерін алатынбыз. Ал осы кездесуден соң тауар түрлерін де өсіреміз деп ойлаймын.

Бұл жолы кәсіпорын өкілдері танысумен, тауар үлгілерін көрумен шектелді. Алматылықтар ұсынған бояулар, кабельдер, құрғақ қоспалар, қаптау материалдары жергілікті кәсіпкерлер үшін аса қажет. Сондықтан отандық тауар өндірушілер байланысы алдағы уақытта жалғаса түспек.

Әсем Рахметова