Бизнес және экономика

Банк қызметкерлеріне арналған семинар

 

 

 

Қазіргі кезде несие беру, ипотека алу сияқты банктік  қызмет көрсету түрлері сан алуан. Елдегі банк жүйесі дамыған сайын бұл саладағы сауалдардың да саны артқан. Оларды тиімді шешу жолдары жиында қызу талқыланды.

 

Константин Ясманов,  «БТА банк» АҚ заңгері:
– Соңғы ай ішінде біздің 10-нан астам шағымымызды сот қараусыз қалдырды. Оның басым бөлігі борышкерлердің қарызды  қайтару тцралы ескерту қағазын алмауына байланысты.

Борышкердің дені қарызды  қайтару туралы ескерту қағазына қол қоймайтын көрінеді. Мекен-жайларын өзгертіп, ол жайлы банкті хабардар етпейтіндер де бар. Сонымен қатар семинарда өзге аймақтарда жұмыс істейтін медиаторлар ұйымдарының тәжірибесін біздің өңірде де жүзеге асыру мәселесі сөз болды. Олар шағымданушы және жауапты тараптарды сотқа дейінгі тәртіпте екі жаққа қолайлы келісімге келтіреді.

Елена Максюта, СҚО сотының судьясы:
– Кәсіби емес медиаторларды тұрғындар өздері таңдай алады. Ол беделді, тәжірибелі , бәрінің сенімінен шығатын азамат болуы керек. Жиында хаттама толтырылып, ортақ шешіммен таңдаған тұлғаны кәсіби емес медиаторлар реестрына енгізу үшін құжаттар дайындалмақ.

Сондай-ақ кәсіби емес бітімгердің жасы 40-қа толуы шарт. Ал кәсіби медиатор жоғары білімді, жасы 20-ға толған азамат болуы керек. Олардың көмегімен жанжалдасушы тараптарды ортақ мәмілеге келтіру көзделуде. Ал ондай даулы мәселелер жетерлік.

Инеш Шоқақова